Православие шіркеуі, Шығыс православие шіркеуі,Алматы: «Аруна» баспасы. 208 бет. Сер.:«1100 қызықты дерек». не Грек православие шіркеуі — христиан дінінің негізгі тармағының бірі, мүшелері бойынша Католик шіркеуінен кейінгі әлемдегі екінші ең ірі шіркеу.
395 жылы Рим империясының батыс және шығыс империясына бөлінуіне байланысты туындады. Православие шіркеуінің теологиялық негізі Византияда IX–XI ғасырларда қалыптасты.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Өз алдына шіркеу ретіндегі бағыты 1054 жылы христиан шіркеуінің католик және православ болып бөлінуіне байланысты айқындалды. Бөлінудің басты себептерінің бірі католиктердің Рим папасын бүкіл христиандардың бірінші басшысы деп тануы және батыс шіркеуінің теологиялық түсініктер қайшылығынан туындады.
Православие шіркеуі — бірнеше автокефалиялық шіркеулерді койнония арқылы біріктіретін орталықсызданған ірі шіркеу. Оның әлем алдындағы де-факто басты өкілі — Ыстанбұлда тұратын Варфоломей, Константинополь патриархы.
Ресейде 1448 жылдан Орыс православие шіркеуі бар. Ол Қазақстандағы бүкіл православтарға басшылық етеді. Діни сенім негізі Ізгі хабардың (Евангелие) Жаңа Өсиетіне жүгінеді. Негізгі қағидалары Құдайға үштік бірлік тұрғысынан сену.
thumb|450px|Дүние жүзіндегі Православие шіркеуініӊ таралуы:
Ескертпелер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер http://pravoslavie.ru http://azbyka.ru http://cerkva.info
*