Алексей Васильевич Черекаев (29.3.1932, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1972). Ресейдің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967). Социалистік Еңбек Ері (1971).
Мәскеу ветеринария академиясын бітірген (1955). Батыс Қазақстан облысы Чапаев (1955–1958, қазіргі Ақжайық) ауданында бас зоотехник, аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытының директоры (1963–1971), Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (1972–1975) қызметтерін атқарды.
«Зоотехнические и экономические основы специализированного мясного скотоводства» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 200-ден аса ғылыми жарияланымның авторы.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:29 наурызда туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Жаңақала ауданында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан зоотехниктері Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Ресей еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Профессорлар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері