III Джозеф Робинетт (Бо) Байден (; 3 ақпан 1969 жыл, Уилмингтон, Делавэр - 2015 жылғы 30 мамыр, Бетезда, Мэриленд) — американдық заңгер, мемлекеттік қызметкер және демократиялық саясаткер, АҚШ 46-президенті Джо Байденнің ұлы. Делавэр штатының бас прокуроры (2007-2015).https://www.cnn.com/2024/09/06/politics/biden-remembers-beau-biden-while-criticizing-trump-veterans-commentshttps://www.aljazeera.com/news/2024/6/7/widow-of-beau-biden-testifies-about-seeing-revolver-in-hunter-bidens-truckhttps://time.com/7015618/kamala-harris-biden-housing/ https://www.beaubidenfoundation.org/https://apnews.com/article/cd7d717ab72b486a946602ca6c27280chttps://ana-neurosurgery.com/biden-brain-cancer/

Өмірбаяны Бо Байден — америкалық саясаткер Джо Байден мен оның бірінші жұбайы Нейлия Хантердің тұңғыш баласы. 1972 жылы анасы мен қарындасы жол-көлік апатынан қаза тапты. Бо мен оның інісі Хантер аман қалғанымен, Бо ауыр жарақат алды. Ол Пенсильвания университеті мен Сиракьюс университетінің заң колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алды. 1995–2004 жылдары Америка Құрама Штаттарының Әділет министрлігінде заңгер болып қызмет атқарды. 2004 жылы Bifferato, Gentilotti, Biden & Balick заң фирмасының серіктесі болды. Сонымен қатар Саясатты дамыту басқармасында уақытша кеңесші әрі АҚШ прокуроры кеңсесінде прокурор қызметін атқарды. 2003 жылы үйленді. Ерлі-зайыптылардың бір қызы мен бір ұлы дүниеге келді. 2006 жылы Делавэр штатының бас прокуроры болып сайланып, 2007 жылғы қаңтарда қызметіне кірісті. Бұл лауазымда 2015 жылға дейін болды. 2003 жылдан бастап Делавэр штатының Ұлттық гвардиясы қатарында қызмет етті. 2008–2009 жылдары Иракта әскери борышын өтеді. Қайтыс болған кезде майор әскери атағына ие болды. 2015 жылғы 30 мамырда Бо Байден ми қатерлі ісігінен (глиобластомадан) қайтыс болды. 2015 жылғы 6 маусымда Әулие Антоний рим-католик шіркеуінде қоштасу рәсімі өтті. Ол Әулие Джозеф зиратында жерленді.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша адвокаттар Санат:XX ғасыр саясаткерлері