Раиса Петровна Шер (20 тамыз 1952 жыл, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің 1-шақырылымының депутаты (1996-1999).

Сын QaraKoz атты подкаст барысында тілші Жанар Бейсемізова қазақстандық балалардың шетелге сатылуына Раиса Шердің тікелей қатысы бар екенін айтты.

Жеке өмірі Үйленген, 1 қызы бар. Күйеу баласы — Олег Сагитов.

Еңбек жолы 1973—1976 — Алматы облысындағы Бозжанов атындағы орта мектебінің неміс тілі мұғалімі, Алматы қаласындағы № 254 мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеші; 1976—1986 — Алматы облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының шет тілдері кабинетінің әдіскері, оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі; 1986—1992 — Алматы қаласы Әуезов аудандық білім бөлімінің мектеп инспекторы, № 6 орта мектебінің директоры; 1992—1994 — Алматы қаласы Халық депутаттары Әуезов аудандық Кеңесі төрағасының орынбасары, №6 орта мектебінің директоры; 1994—1996 — Алматы қалалық мәслихатының депутаты; 1996—1999 — Қазақстан парламенті мәжілісінің 1-сайланым депутаты; 1999—2006 — Қазақстан білім және ғылым министрлігі (қаізргі оқу-ағарту министрлігі) білім беру және интернаттық мекемелер басқармасының басшысы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және ақпараттық-талдау жұмыстары басқармасының басшысы; 2006—2009 — Қазақстан білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары; 2009—2014 — Қазақстан білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы; 2014 — Қазақстан білім және ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры; 2018 — Қазақстан білім және ғылым министрінің балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Білімі 1973 жылы Алматы шет тілдері институтын “неміс тілі мұғалімі”, 1998 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін “заңгер” мамандығы бойынша аяқтады.

Марапаттары мен атақтары Астана медалі; Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі; Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі; Ерен еңбегі үшін медалі; Астанаға 10 жыл медалі; Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі; Қазақстан білім және ғылым министрлігінің білім беру ісінің үздігі; Қазақстан білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері; ЮНИСЕФ алтын медалі.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Саясаттағы Қазақстан әйелдері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері