2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды. Сайлау барысында Мәжіліс депутаттарымен қатар елдегі барлық мәслихаттардың, соның ішінде Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары сайланды. Сайлау нәтижесінде қала мәслихатының VIII сайланымы құрылды да, өз жұмысын бастады.

Шымкент қаласының 639 663 сайлаушысы бар, бұл сайлауда олардың 287 754 (44,98 %) ғана дауыс берді. Дауыс бергендердің көпшілігі (64,84 %) Аманат партиясына дауыс берді, нәтижесінде партия 11 мандатқа ие болды. Мәслихатта өкілеттікке қол жеткізген басқа тағы екі партия болды: 3 мандаты бар Ақ жол ДП мен екі мандат алған Ауыл ХДПП.

Алғышарттары 2023 жылғы сайлауға дейін депутаттың бәрі де пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын. Бұл жолмен 2021 жылғы мәслихат сайлауы өткен еді.

2023 жылғы наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды, онымен қатар әр мәслихаттың сайлануы да жүрді. Осы жолы Шымкент қаласы мәслихатының сайлауы барысында, басқа мәслихаттардағыдай, депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, басқа жартысы бірмандатты округ бойынша сайланды.

Сайлау жүйесі Бұл сайлау — депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты округ бойынша сайлайтын жүйе арқылы өткен тұңғыш мәслихаттық сайлау. Бұл жаңа жүйе арқылы енді сайлауға саяси партиялар да, өзін-өзі ұсынғандар да қатыса алады.

Сын Сайлаудың әділ өткеніне біраз дереккөздер күмән келтіреді. 7-сайлау округінде өткен жарыстың нәтижесінің әділ өткен-өтпегеніне аса көп назар аударылды; ресми түрде жеңіліс көрген Сәбит Байбосынов округтан сайланған бірмандатты Бөкейхан Нұрғалиұлы Әбішев дауыс санын бұрмалады деп айыптады. Сайлаудың демократиялық түрде өтпегенін учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелері де растады. Сот Байбосыновтың талабын қанағаттандырмады, Әбішев депутаттығын жалғастыра берді.

Нәтижелері

300pxПартия Дауыс саны % ±% Мандат саны ±Мандат Аманат 178 969 64,48 ? 11 13 Ақ жол ДП 48 729 17,65 ? 3 0 Ауыл ХДПП 32 486 11,77 ? 2 1 Respublica 5424 1,97 Жаңа 0 Жаңа ҚХП 2754 1,54 ? 0 0 Байтақ 716 0,26 Жаңа 0 Жаңа Бәріне қарсымын 6927 — ЖаңаЖалпы дауыс287 754100,00 32Сайлаушы саны/Дауыс бергендер639 66344,98

Депутаттар тізімі Партия тізімі бойынша сайланғандары №Аты-жөні Қызметі Партиясы ДереккөзАманат саяси партиясы1Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов14 қаңтар2021—Аманат2Әлбина Балғабайқызы Елшиева14 қаңтар2021—Аманат3Айжан Ізбасханқызы Найымбекова14 қаңтар2021—Аманат4Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова29 наурыз2023—Аманат5Қайрат Есенбекұлы Имашев31 наурыз2022—Аманат6Абзал Скендірұлы Зейнетаев29 наурыз2023—Аманат7Талғат Дүйсенбайұлы Балтабаев14 қаңтар2021—Аманат8Алина Равильевна Дубинина29 наурыз2023?—Аманат 9Бақытжан Серікжанұлы Сейітжан14 қаңтар2021—Аманат10Ерғали Дәулетбекұлы Білісбеков29 наурыз2023—Аманат11Жанар Әлібекқызы Бектаева29 наурыз2023—АманатАқ жол саяси партиясы12Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов14 қаңтар2021—Ақ жол13Уралхан Қаналбайқызы Сейлбекова29 наурыз2023—Ақ жол14Мұхтар Асқарұлы Шимиров29 наурыз2023—Ақ жолАуыл ХДПП саяси партиясы15Қанат Балтабайұлы Досалиев14 қаңтар2021?—Ауыл16Нұралы Әбдірахымұлы Дәулетияров29 наурыз2023?—Ауыл

Бірмандатты округтен сайланғандары Аты-жөні ҚызметіДаусы% ПартиясыДереккөз1Талғат Жүнісбекұлы Исхахов29 наурыз2023—656734,94Аманат 2Нұрсұлтан Қайратұлы Балабиев29 наурыз2023—286236,08Аманат 3Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев29 наурыз2023—219930,12Аманат?Партиясыз?4Нұралы Баймолдаұлы Күрпебаев29 наурыз2023—191328,43Партиясыз5Төреайм Жолдыбайқызы Сұлтанова29 наурыз2023—177232,75Аманат6Дариякүл Пернешқызы Қожамжарова29 наурыз2023—248146,42Аманат7Бөкейхан Нұрғалиұлы Әбішев29 наурыз2023—126325,18Аманат8Мұратәлі Оразалыұлы Қалмұратов29 наурыз2023—200027,67Аманат 9Асхат Мелдебекұлы Нұрлыбаев29 наурыз2023—719842,30Respublica10Байкен Әшірбайұлы Әшірбаев10 қаңтар2021—10 76059,10Аманат 11Асқар Ағабекұлы Молдабек29 наурыз2024—525643,04Партиясыз12Марат Бортайұлы Өтемісов29 наурыз2024—395938,21Партиясыз 13Лазиз Низамханұлы Сулайманов29 наурыз2024—457760,37Аманат 14Шыңғыс Лесбайұлы Қозбахов24 наурыз2016—12 58958,59Аманат 15Дулат Саттарұлы Қуашбаев29 наурыз2024—153634,92Ақ жол 16Мерлан Әбдірахманұлы Керімжанов29 наурыз2024—137027,31Аманат

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Санат:Шымкенттегі сайлаулар Санат:2023 жылғы Қазақстандағы сайлаулар