Златополье — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Златополье ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталық – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде, Құмдыкөл көлінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14131316 1097 83,4 652 546 83,7 664 551 83
Тарихы 1961 жылдан Златополье асыл тұқымды шошқа өсіретін кеңшардың орталық болып келді. Оның негізінде 1997 жылы ауылда бірнеше шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер халыққа қызмет көрсетеді.
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы елді мекендері