Отты жер () — Оңтүстік Американың ең оңтүстік бөлігінде, Атлант және Тынық мұхиттарының арасында орналасқан аралдар тобы. Бұл архипелаг Чили мен Аргентина мемлекеттеріне тиесілі.
Ауданы 73 758 шаршы шақырым. Халық саны 251 000 адам (2020 жылғы дерек)https://www.indiansworld.org/kak-zazhglis-i-pogasli-kostry-ognennoy-zemli.html#.WWqME6kVyUk. Халқы Испан және Теуэльче тілінде сөйлейді. Онда аборигенді халықтардың - ягандар, онас, алакалуфтардың дәстүрлері сақталған.
Ірі қалалары: Пунта-Аренас (Чили) және Ушуая (Аргентина).
Тарихы Архипелагтың тарихы шамамен 10 000 жыл бұрын, алғашқы адамдар келген кезден басталады. 1520 жылы Фернан Магеллан Отты Жер архипелагына келген алғашқы еуропалық болды.
19-шы ғасырда архипелагтың екі жағалауында жаңа қоныстар пайда болды.
20-шы ғасырда Отты Жердегі мұнай өндірісі дамыды.
Географиясы Архипелагқа 100-ден астам аралдар кіреді, оның ішінде ең үлкені: Отты жер, Isla Navarino, Isla Hoste, Isla Clarence.
Биік таулар, мұздықтар, өзендер және көлдермен сипатталады. Ең биік нүктесі - Дарвин тауы (2488)
Климаты: Суық, ылғалды, желді климат.
Оңтүстік Америкадан Магеллан бұғазы, Антарктидадан Дрейк бұғазы бөліп тұр.
Дереккөздер
Сілтемелер https://raco.cat/index.php/GeologicaActa/article/view/83442/108425
Санат:Отты жер Санат:Аргентина архипелагтары Санат:Чили архипелагтары Санат:Аргентина аралдары Санат:Оңтүстік Америка бедері