Евгений Михайлович Золотарев (1936 жылы туған, Украина, Полтава облысы Карлов ауданы Халтурин кенті) – еңбек ардагері, қайраткер. Социалистік Еңбек Ері (1972).

Өмірбаяны Полтава ауыл шаруашылығы институтын (1959), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1968) бітірген. 1961 жылы Подлесный кеңшарында бас мал дәрігері, Шортанды ауданы Андреевский кеңшарында директор (1961 – 63), Шортанды ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1963 – 66), Целиноград ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1968 – 70), Целиноград ауданы партия комитетінің хатшысы, облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1970 – 85), Қызылорда облысы партия комитетінің 2-хатшысы, облысы халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1985 – 89), Ақтөбе облысы халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1989 – 93) қызметтерін атқарған.

Марапаттары Орден, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1936 жылы туғандар Санат:Карлов ауданында туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Полтава ауыл шаруашылығы институты түлектері Санат:Целиноград аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшылары