оңға|150px| Медициналық қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде 12-тарауда келтірілген.

Баптар 317-бап. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы. 318-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу. 319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу. 320-бап. Медициналық көмек көрсетпеу. 321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету. 322-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау. 323-бап. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу.

Сонымен қатар медицина қызметкерлері басқа тұлғалармен бірдей жауапкершілікке тартылатын да құқық бұзушылықтар бар. Мысалы, денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-бап), гигиеналық нормативтерді немесе санитарлық тәртіп бұзу (304-бап) және т.б.Б.Н. Тәжібаев. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері

Статистика 2023 жылдың қаңтар–қазан айларында Қазақстанда 212 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Олардың 95,8%-ы медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауымен байланысты болды. Қылмыстық медициналық құқық бұзушылықтар 2%, зардап шеккендер 5% көбейді

Тағы қараңыз Дәрігерлік жауапкершілік Медициналық қызмет Дереккөздер

Санат:Қылмыстық құқық Санат:Медицина