С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік мұражай – Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20.

Кезеңі 1846 жыл.

Тарихи деректер Ғимарат алғашында сауда ұйі тұрғызылған бір қабатты ағаш құрылыс болған. Қабырғалары бөренеден құрастырылған, төбесі шатыр асты кеңістігі бар қаптал шатырмен жабылған. Ғимараттың қасбетінде төрт қырлы тіреулер бар, олардың арасында қосақталған және жұпталған терезе ойықтары орналасқан. XX ғасырдың басында ғимаратта «Зорька» балабақшасы, ал өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Халық Комиссарлар Кеңесі орналасқан. Халық Комиссарлар Кеңесі 1988 жылдың 20 ақпанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен ғимаратта Сәкен Сейфуллин мұражайы ашылады. 2008 жылы ғимаратта жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оның барысында бөренелер ауыстырылды, жертөле жабдықталып, ойып жасалған ернеулер қалпына келтірілді. Ғимаратты қалпына келтіру жобасын «Қазқайтажобалау» сәулетшісі Сәния Ахметова әзірледі. 2009 жылы әйгілі жазушының туғанына 115 жыл толуына орай, Сәкен Сейфуллиннің елордада мұражайдың ресми ашылу салтанаты өтті.

Мұражай қоры Қазіргі уақытта мұражайда 5000-ға жуық тарихи заттар сақталған. Жыл сайын мұражай құнды жәдігерлермен толықтырылады. Мұражай экспозициясы алты бөлмеде қойылған, олардың әрқайсысы жазушының өміріндегі 6елгілі бір кезеңді көрсетеді. Ерекше қызығушылыққа Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары ие. Бұл мұражай – ұлы жазушы, ақын, публицист, қоғам және мемлекет қайраткері туралы нағыз тарихи ескерткіш.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9

Дереккөздер

Санат:Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Астана мұражайлары Санат:Астана қаласы сәулеті