Дамаскінің құлауы — 2024 жылы Сириядағы азаматтық соғыс барысындағы оппозицияның шабуылының соңғы кезеңі.

Барысы 7 желтоқсанда Сириялық оппозициясының әскерлері көрші қалаларды басып алғаннан кейін Дамаскті қоршау басталғанын мәлімдеді. Көтерісшілердің жетекшісі Хасан Абдель Гани: «Біздің күштеріміз Дамаск астанасын қоршаудың соңғы кезеңін бастады», - деп мәлімдеді. Көтерісшілер Дамаскінің оңтүстік кіре берісінен 20 км қашықтықтағы Әл-Санамайнды басып алғаннан кейін елорданы қоршай бастады.

Дамаск маңындағы Риф-Дамаск аймағында үкімет әскерлері Ассаль-аль-Вард, Ябруд, Флита, Аль-Насерия және Артуз қалаларынан шегінді, ал көтерісшілер Дамаскқа 10 км қашықтыққа жақындады. Сирия үкіметі өз әскерінің қала маңындағы позицияларын тастап кеткені туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды.

Кешке қарай үкімет күштері Дамаск маңындағы қалаларды, соның ішінде Джарамана, Катану, Муадамия-эль-Шам, Дарайя, Аль-Кисва, Аль-Думайр және Меззе әуе базасының маңындағы аудандардан шықты. Мысыр пен Иорданияның ресми тұлғалары Сирия оппозициясының жетістіктері және Дамасктің құлауы мүмкіндігі аясында Сирия президенті Башар Асадқа елден кетіп, сыртта үкімет құруды ұсынды.

Президент канцеляриясының хабарлауынша, Башар әл-Асад Дамаскта қалды. Оппозиция әскерлері Дамаск маңындағы қалаларға жетті. Джарамана қаласының орталық алаңында наразылық білдірушілер Хафез әл-Асадтың ескерткішін құлатты. Үкімет әскері наразылықтар өтіп жатқан қалалардан шықты. Бұл уақытта Азат Сирия армиясы солтүстік бағыттан Дамаскке қарсы шабуыл бастады.

8 желтоқсан түні Дамаск құлады, бұл Башар Асадтың елдегі билігінің аяқталғанын білдірді. Премьер-министр Мұхаммед Гази әл-Джалали халық сайлаған кез келген билікпен «әріптестік орнатуға дайын екенін» мәлімдеді.

Дереккөздер

Санат:Сирия тарихы Санат:2024 жылдағы Сирия Санат:2024 жылғы қақтығыстар Санат:Сириядағы азаматтық соғыс