Ахмед Хусейн әл-Шараа (1982 жылы туған, лақап аты — Әбу Мұхаммед әл-Жулани) — сириялық революционер және саясаткер, 2025 жылғы қаңтардан бергі Сирия президенті. Бұрын Хайят Тахрир аш-Шам қозғалысының әмірі ретінде ол 2024 жылғы Сирия оппозициясы шабуылдарына ірі үлес қосты да, Асад режимінің құлауына себеп болды. Бұл оқиғадан кейін әл-Шараа Сирияның де-факто мемлекет басшысы болды.
АҚШ пен одақтастарының Иракқа басып кіруіне дейін Ирактағы Әл-Қағидаға кірген ол үш жыл бойы Ирак көтерілісшілері қатарында қызмет етті. Америкалық әскер оны ұстап алды да, 2006–2011 жылдары аралығында қамауда ұстады. Оның бостандық алуы 2011 жылғы Сириядағы азаматтық наразылықтың басымен дәл келді де, 2012 жылы ол Баастық Сирия үкіметіне қарсы шайқасу мақсатымен әл-Қағидадан қолдау алып, Джебхат ан-Нусра қозғалысын құрды. Ан-Нусра майданының әмірі ретінде ол Идлиб губерниясының солтүстік-шығыс жағында жер ұстады да, оның Әбу Бәкір әл-Бағдади жоспарынша Ислам мемлекеті құрамына енуіне жол бермеді. Бұл түсініспеушілік Ан-Нусра мен Ислам мемлекеті арасындағы қақтығыстарға әкелді.
2013 жылғы мамырда АҚШ мемлекеттік департаменті әл-Шарааны Ерекше мәнді ғаламдық террорист деп белгіледі де, төрт жылдан кейін оның ұсталуына әкеле алатын ақпарат үшін $10 миллион сыйақы бермек болғанын жария етті.
2016 жылы әл-Шараа ан-Нусраның әл-Қағидамен бүкіл байланысын үзді де, оны басқа ұйымдармен біріктіріп, келесі жылы Хайят Тахрир аш-Шам ұйымына айналдырды. Әл-Қағидамен байланысын үзгенінен бері әл-Шараа халықаралық легитимділік таппақ болып жаһандық жиһад құру талпыныстарын қойып, орнына Сирияны басқаруды мақсат қылды. ХТШ өзінің жеке әкімшілігін құрды да, салық алуды, мемлекеттік қызмет көрсетуді, тұрғындарына куәлік беруді бастады, бірақ сонда да авторитар болғаны үшін және диссиденттеріне қысым көрсеткені үшін сын көрді. Соңғы жылдары ол өзінің ұстамдырақ түрін көрсететін болды, Батыс елдеріне қарсы соғыс бастауды мақсат көрмейтінін, азшылықтарға қысым көрсетпейтінін алға тартты. 2025 жылғы 29 қаңтарда ол елдің өтпелі президенті болып тағайындалды.
Ерте жылдары Отбасы нобай|солға|әл-Шарааның әкесі Хусейн әл-Шараа, 1992 жыл Әл-Шарааның отбасы Сириядағы Голан шыңдарынан шыққан, олар Алты күндік соғыс нәтижесіндегі 1967 жылғы Израильдің бұл аймақты жаулағанынан кейін үйлерін жоғалтты. «Әл-Жулани» нисбасы «Голан шыңдарында туған» дегенді білдіреді.
Әл-Шарааның әкесі Хусейн Әли әл-Шараа Сирияда араб ұлтшыл насершыл студент активист еді, Бағдад университетінде мұнайшы болды. Ол аймақ экономикасын дамыту жайлы неше түрлі еңбек жазған. Хусейн — Фарук әл-Шарааның немере ағайындысы.
Әл-Шарааның өз атасы Әли Мұхаммед әл-Шараа сириялық ауылындағы ірі жер иеленуші мен саудагер еді. Оның үлкен атасы Мұхаммед Халед әл-Шараа (1899–1932) Францияның Сириядағы билігіне қарсы болған Сириядағы ұлт-азаттық көтерілісте ірі үлес қосты. Соттың сырттан жасаған шешімінше ол өлім жазасына кесілген еді, алайда жаза еш берілмей қалды.
Сириядағы жастығы Ахмед Хусейн әл-Шараа 1982 жылы Эр-Риядта, орта тап отбасында дүниеге келген. Әкесі ол жерде мұнайшы болып жұмыс істесе, анасы география пәнінің мұғалімі болған. 1989 жылы отбасы Сирияға оралды да, Дамаскідегі әл-Мезза ауданына көшті. Әл-Шарааның ең нақты өмірбаянын жаза алған Хусам Джазматидің сөзінше сыныптастары әл-Шарааны зерделі, алайда ойда қалмайтын, жуан көзілдірік киетін, өзіне назар аудартпайтын бір ұл бала деп сипаттады. Жастығы кезінде әл-Шараа «тыныш», «ұялшақ», «білімді», бірақ «интроверт» бала делінді. «Көрікті» болған ол өзінің нусайрилік қызбен қарым-қатынасы үшін белгілі болды; екі жастың бір-бірін ұнатуын ата-аналары қолдамады. Әл-Шараа Дамаскіде қала берді, бастапқыда БАҚ-тануды оқып, 2003 жылғы Иракқа көшуіне дейін ол медицинаны да оқыды.
Ирак соғысы нобай|солға|130px|әл-Шарааның абақты суреті, 2006 жыл 2021 жылы Frontline баспасына берген сұхбатынша әл-Шарааны 2000 жылы, 17–18 жасында әл-Ақса интифадасы радикалдады. Оның сөзінше ол «борышын қалай өтеуге болатынын жайлы көп ойлайтын болды, басқыншылардан халықты қорғауды мақсат қылды».
9/11 лаңкестік актілеріне оң қараған ол АҚШ-тың Иракқа басып кіруіне бірнеше апта қалғанда Дамаскіден Бағдатқа көшті. Бұл жерде ол Ирактағы Әл-Қағида (ИӘҚ) ұйымындағы қызмет сатысынан жылдам өтіп жүрді. Times of Israel баспасының хабарлауынша, әл-Шарааның ИӘҚ басшысы Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи жақсы байланысы болған. 2021 жылы Frontline баспасына берген сұхбатында әл-Шараа әз-Зарқауимен мүлдем кездеспегенін айтты, өзін америкалық басқыншылыққа қарсы шайқасқан қарапайым сарбаз деді. 2006 жылғы Ирак азаматтық соғысының басына дейін америкалықтар әл-Шарааны қамауға алды да, бес жылдан көп уақытқа түрлі түрмелерге орналастырды.
Сирия азаматтық соғысы Сириядағы көтеріліс және ан-Нусраның құрылуы Әл-Шарааның түрмеден шығуы елдегі көтеріліс басымен дәл келді де, Айман әз-Зауахири мен әл-Қағиданың орталық басшылығы Ахмед әл-Шарааға 2011 жылғы тамызда Сирияда әл-Қағиданың миссиясын құруды тапсырған. Әл-Шараа жеткілікті қаржы алып, осы ниетпен Сирияға енді. Әл-Қағида орталық басшылығы өкілдерімен бірге ол Джебхат ан-Нусра ұйымын құрды. Әз-Зауахиридің жоспарынша бұл ұйым Сириядағы исламшылдарды біріктіретін және әл-Қағидамен жақын байланысы болатын ұйым болмақ еді. Ұйымға басшылық ету әл-Шарааға тапсырылды.
Әл-Қағидамен байланысы бар Ирак Ислам мемлекетінің (ИИМ) басшылығымен бар келіспеушілігіне қарамастан әл-Шараа Әбу Бәкір әл-Бағдадимен әл-Қағиданы кеңейту жайлы келісімге түсті. Ұйымның ИИМ-мен осындай альянсы 2013 жылға дейін жалғасты, бұл серіктестік әмір әз-Зауахири арқасында орнаған еді. Уақыт өте келе әл-Шараа жаһандық жиһадшыл қозғалыстан өзін алыстатып жүре келді де, оның қозғалысы ұлтшыл сириялық идеологияға жақындап бара жатты.
Сирияда әл-Қағида бөлімшесін құру ниетімен ИИМ бастапқыда әл-Шарааға әскер, қару-жарақ, қаржы беретін еді. Әл-Шараа бұл жоспардың орындалуына үлес қосатын.
2012 жылғы қаңтарда Джебхат ан-Нусра ұйымының құрылуы ресми түрде жарияланды да, әл-Шараа оның «әмір-генералы» болды. Сол жылғы желтоқсанға қарай АҚШ Мемлекеттік департаменті ан-Нусра майданын лаңкестік ұйым және әл-Қағиданың бөлігі деп таныды. Әл-Шараа басшылығының арқасында ан-Нусра Сириядағы ең ықпалды ұйымдардың бірі болды. Оның орталығы солтүстік-батыс Сириядағы Идлиб мухафазасында еді.
Ислам мемлекетімен қақтығысы 2012 және 2013 жылдары әл-Шараа Сириядағы билікке көз алмай қарап еді де, Ирактағы Ислам мемлекетінің басшылығы оған шүбәланды. Ан-Нусра әлеуметтік қызметтер көрсетуі және Асад режиміне қарсы басқа сириялық бүлікші топтармен ынтымақтасуы үшін белгілі болды және әл-Шараа әл-Бағдадидің осы топтармен күресуді бастау және оппозиция белсенділерін өлтіру туралы бұйрықтарын елемеді.Zelin 2022, 16-бет Әл-Бағдадидің көмекшісі Әбу Әли әл-Анбари Сирияға барып келді де, әл-Шарааны «қу, телевизияда өз есімін естігенде жанғандай болатын» адам деді.
Ан-Нусраның танымалдығына және әл-Шарааның бағынбағандығына алаңдаған әл-Бағдади 2013 жылғы сәуірде ан-Нусраның ИМ-ге қосылатынын және осылайша Ирак және Сирия Ислам мемлекетінің (ДАИШ) құрылуын жариялады. Ұсынылған жоспар бойынша ан-Нусра бүкіл автономиясын жоғалтатын еді, оның бүкіл басшылығы әл-Бағдадиге тікелей бағынатын еді және ол әл-Қағидамен байланысын жоғалтатын еді. Ан-Нусраның тәуелсіздігін сақтамақ болған әл-Шараа кейін әл-Қағида әмірі Айман әз-Зауахириге байа берді. Нәтижесінде әз-Зауахири ан-Нусраның ИИМ-нен толыққанды тәуелсіздігін жария қылды да,Zelin 2022, 17-бет Сирияны ан-Нусра билігіне қалдырып, ИШИМ міндеттерін Иракқа жылжытты. Әл-Бағдадидің әл-Қағида орталық басшылығынсыз жасаған жоспарынан әз-Зауахири бас тартты да, екі жақ арасындағы келіссөз жүргізбек және бұйрықтың орындалуын бақыламақ болған Әбу Халид әл-Суриді эмиссары деп тағайындады.
2013 жылдың соңына қарай әз-Зауахири әл-Бағдадиге қосылу жайлы ұсынысынан бас тартқанын бұйырды. Әл-Бағдади бұл бұйрыққа бағынбай кетті де, өз ұсынысын орындамақ болды. 2014 жылғы ақпанға қарай ИШИМ мен ан-Нусра арасындағы келіспеушілікті шешу сәтсіз шықты да, 2014 жылғы ақпанда әл-Қағида ИШИМ-мен қатынасын үзді, осылайша ан-Нусра әл-Қағиданың Сириядағы жалғыз өкілі болып шықты. 23 ақпандағы әл-Суридің өлтірілуінен кейін әл-Шараа ИШИМ-ге қарсы шықты, оны әл-Қағидаға қарсы соғысқан АҚШ одақтастырына теңеді.Zelin 2022, 53-54-беттер ИШИМ мен ан-Нусра арасында толыққанды атыс басталды; әл-Шараа бұл шайқастар Асадқа көмек болады деп алаңдады. Келесі айларда ИШИМ ан-Нусра мен Сирия оппозициясы басқарып жатқан жердің үлкен бөлігін жаулап алды да, 2015 жылғы ақпанға қарай екі жақтан да төрт мың шақты сарбаз қайтыс болды. 2015 жылғы маусымда әл-Шараа әл-Жазираға берген сұхбатында шайқастың тек ИШИМ-нің «Құдай жолына қайтып оралып, айыққаны» арқылы-ақ бітетінін айтты. Оның пікірінше, шайқас әлі ұзақ жалғаспақ.
Америка Құрама Штаттарына тиіскені АҚШ коалициясының Сириядағы Ислам мемлекетіне қарсы әуе шабуылдарынан тұратын Өзгермес қарар операциясы басталған кезде әл-Шараа көпшілік алдында бұл әскери операцияны «Ислам [дініне] қарсы шабуыл» деді, Батыс әлемінің халқына былай деді: «..өз елдерінде өз ұлдарының бомбаланып, өлтірілгенін, бірақ сендердің өз елдеріңде аман-есен жүргенін мұсылмандар көріп отыра бермейді». АҚШ шабуылына бес күн болғанда жарияланған аудиосында әл-Шараа «Батыс пен Американың Ислам мемлекетінің сендерге жасаған әділетсіздігін пайдаланып қалуына жол бермеңдер... Ислам мемлекетіне немесе басқаларға тойтарыс бере алмайтындар, крестшілер одағына серіктес болмай-ақ қойсын.» деді. Әл-Шараа, оған қоса, америкалық қару мен қаржы алған әр топқа қарсы ан-Нусраның шайқасатынын айтты. 2014 жылғы 28 қыркүйекте шыққан аудиосында әл-Шараа «Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарына» қарсы шайқасатынын жария қылды, Ислам мемлекетіне қарсы шайқасындағы ан-Нусра сарбаздарының Батыстан көмек алғанына қарсы шықты.
ан-Нусраның жандануы 2015 жылғы мамырдың соңына қарай әл-Шараа әл-Жазираға сұхбат берді, бірақ түрін көрсетпеді. Ол Сирия жайлы өткен Женева бейбітшілік конференциясына қарсы шықты, Сирия ұлттық коалициясы сириялықтардың өкілі бола алмайды, Сирияда болуға құқылы емес деді. Әл-Шараа ан-Нусраның батыстық нысандарға шабуыл жасамайтынын, тек Асад режимі, Хезболла мен ИШИМ-ге қарсы шайқасқанын жария етті: «әл-Қағида [батыстықтарға қарсы шайқасса да], [әз-Зауахири бұйрығынша] біз Сирияда бұнымен айналыспайтын боламыз». Ол «дініміз бойынша кәпір болғанына қарамастан нусайрилерге біз қарсы емеспіз» деп те айтқан.
2015 жылғы қазанда Ресей Сириядағы азаматтық соғысқа араласты, суннит аймақтарына әуе шабуылдарын жасады да, әл-Шараа бұған жауап ретінде Асадтың нусайрилер бекіністеріне шабуылдарды көбейтуге шақырды. Әл-Шараа, сондай-ақ, бұрынғы Кеңес Одағынан келген мұсылмандарды ресейлік бейбіт тұрғындарға шабуыл жасасын деп шақырды.
әл-Қағидадан бөлінуі Ресейдің соғысқа араласуы сириялық оппозиция тағдырының өзгеруіне әкелді және олардың шетелдіктерден көрген қолдауын күшейтті. 2016 жылғы қаңтарда ан-Нусра басқа бүлікші топтармен бірлесе келіссөздер жүргізді, олар бұл топтарға қарсы кез келген шетелдік әрекетті болдыртпау мақсатында өткен еді. Келіссөздер ан-Нусраның әл-Қағидамен байланысы себебінен сәтсіз аяқталды да, ан-Нусра жалпы мүшелерінің үштен бірін құрайтын реформаторлық қанаты әл-Шарааға ультиматум ұсынды: олар ан-Нусра әл-Қағидамен байланысы үзіп, басқа бүлікші топтармен бірігпесе, жаппай кетпек болды.
2016 жылғы шілдеде әл-Шараа бұл мәселе жайлы ан-Нусрамен екі мәрте кездесті. Бірінші мәжіліс еш нәтижеге әкелмеді, бірақ екіншісінің барысында екі жақ ымыраға келді: Сирия сыртындағы әл-Қағидамен байланысты үзу, бірақ Сирия ішіндегісін қалдыру. Әз-Зауахири кездесуге қатыса алмай қалды да, әл-Қағида басшылығының бірнеше өкілі, соның ішінде орынбасары Әбу Қайыр әл-Мәсри оның орнына бөлініске рұқсат берді. Әз-Зауахири кейін ғана келісті.Zelin 2022, 17-18-беттер Оның рұқсатынсыз еш шешім қабылданбай қалатын еді.