Триполье-Кукутень мәдениеті — неолит-энеолит дәуірінде (б.з.б. 5050–2950 жылдары) Оңтүстік-Шығыс Еуропада болған археологиялық қауымдастық. Карпат тауларынан басталып, Днестр мен Днепрге дейін созылған 350 000 км² жерде орналасатын, Румыния, Молдова мен Украинаның қазіргі шекараларына ұқсайтын аймақтарды алатын.

Этимологиясы нобай|солға|Үш энеолиттік керамикалық ыдыс, шамамен б.з.б. 4300–4000 жылдар,

Мәдениет бастапқыда Румынияның Яссы ауданындағы Кукутень коммунасы атауымен жүретін. 1884 жылы Теодор Бурада мәдениеттің тұңғыш табылған керамикасын дәл сол Кукутеньден алған еді.

Ұқсас жылдары Киев, Украинада осы мәдениетке де жатқызылған тағы археологиялық ескерткіштер табылды. Оны тапқан Чехияда туған украин ғалымы Викентий Вячеславович Хвойка еді. Оның бұл ескерткіштерді тапқан жылы түрлі дереккөзде әртүрлі; кейде 1893 басқа кезде 1896, не 1887. Хвойка өзінің тапқанын тұңғыш рет 1897 жылғы Археологтардың 11-съезінде жария етті. Сол жылы Триполье, Киев облысында ұқсас ескерткіштер табылды да, мәдениет бұл ауылдың да атауын алды.

Триполье-Кукутень мәдениеті Румыния, Украина мен Молдова үшін ортақ тарих саналады. Румыния мен Молдовада ол Кукутень мәдениеті делінсе, Украинада Триполье мәдениеті деп аталады.

Географиясы нобай|оңға|Басты археологиялық қоныстар белгіленген Триполье-Куктень мәдениетінің ағылшынтілді картасы Кукутень-Триполье мәдениеті қазіргі Молдова аумағында, Румынияның шығыс және солтүстік-шығысында және Батыс, Орталық және Оңтүстік Украинаның кейбір бөліктерінде өркендеді.

Мәдениет осылайша Дунай өзені бассейнінен солтүстік-шығысқа қарай Темір Қақпа айналасында Қара теңіз мен Днепрге дейін созылды. Ол орталық Карпат тауларын, сондай-ақ жотаның екі жағындағы жазықтарды, дала мен орманды далаларды қамтыды. Оның тарихи өзегі Днестрдің ортасынан жоғарыға дейін болды. Мәдениеттің өркендеген жылдарында Еуропа соңғы мұз дәуірінің соңынан бері ең жылы және ылғалды еді, осылайша бұл аймақ ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болған.

Мәдениет Кукутень-Триполье мәдениеті натуралды фермерлер қоғамы еді. Топырақ өңдеу, егін жинау және мал бағу адамдардың көпшілігінің негізгі кәсібі болса керек. Әдеттегі неолит мәдениеті үшін олардың диетасының көпшілігі дәнді дақылдардан тұрады. Олар бидай, сұлы, қара бидай, тары, арпа және кендір өсірді, ұнтақталған және ашытқысыз нанды саз пештерде немесе үйдегі қыздырылған тастарда пісірген. Олар сондай-ақ бұршақ, өрік, шие алхоры және шарап жүзімдерін өсірді, бірақ олардың шарап жасағаны туралы нақты дәлелдер жоқ. Сондай-ақ олардың ара ұстағанын білдіре алатын деректер бар.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Мыс дәуіріндегі Еуропа Санат:Украина археологиялық мәдениеттері Санат:Молдова археологиялық мәдениеттері Санат:Румыния археологиялық мәдениеттері