Ақдәулетова Алма Танабайқызы (8 наурыз 1933 жылы туған, Алматы қаласы) – еңбек ардагері, биология ғылымдарының кандидаты (1972). Кеңестер Одағы деңгейіндегі Әйелдер съезінің делегаты (1987), Қызылорда облысының Құрметті азаматы (2011).Сыр елі. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.
Өмірбаяны 1954 жылы Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін) тәмамдаған. Еңбек жолын осы институтта бастап, оқытушы, аға оқытушы және зоология кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы ретінде қызмет етті (1954–1969).
1969 жылы Қызылорда облыстық атқару комитетінде ғылым және білім бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Кейіннен облыстық атқару комитетінің хатшысы (1973–1978) және төрағаның орынбасары (1978–1988) лауазымдарын атқарды.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін облыстық әйелдер қоғамының төрайымы болып қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты.
Алма Танабайқызы 1973–1988 жылдары облыстық кеңестің бірнеше мәрте депутаты болып сайланды.
Марапаттары
«Құрмет белгісі» ордені «Ерен еңбегі үшін» медалі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары Облыс әкімінің Құрмет грамоталары ҚР Президентінің Алғыс хаты
2011 жылы Қызылорда облысының Құрметті азаматы атағына ие болды.