Бүлент Инал ()– танымал түрік актері.
Биографиясы Ол әкесі жағынан араб және заза (күрдтердің бір бөлігі), ал анасы жағынан Селжүк түріктерінен шыққан. 19 мамыр 1973 жылы Шанлыурфаның Хильван ауданында дүниеге келген. Бір жыл бойы Эгей университетінде Түрік тілі мен әдебиеті мамандығында оқыған, бірақ театрға деген қызығушылығы басым түсіп, 9 Қыркүйек университетінің Көркем өнер факультетінің Театр бөлімінде оқып, сол жерден түлеп шыққан.
Карьерасы Бүлент Инал «Азад» сериалында "Урфалық Азад", «Kurşun Yarası» сериалында басқыншылық астындағы Эгей аймағында батыл қаймақам рөлін сомдады. Ал «Жөке ағашының саясында» атты Kanal D арнасындағы сериалда "Йылмаз" есімді қарапайым жігіттің рөлін ойнады. Бүлент Инал «Қаражылан» сериалында да бой көрсетті. 2008 жылы ол Star TV арнасында көрсетілген "Kalpsiz Adam" (Жүрексіз адам) сериалында "Октай" рөлін сомдады. 2009-2010 жылдары Show TV арнасында көрсетілген "Bu Kalp Seni Unutur mu?" (Бұл жүрек сені ұмыта ма?) сериалында "Синан" атты кейіпкерді сомдады. 2010-2011 жылдары atv арнасында көрсетілген "Bitmeyen Şarkı" (Бітпейтін ән) сериалында Бергүзар Корелмен бірге басты рөлді сомдады. Кейін 2013 жылы atv арнасында басталып, 2014 жылы аяқталған "Tatar Ramazan" сериалында "Рамазан" кейіпкерін ойнады. 2014 жылдың күзінде Kanal D арнасында басталып, кейін Star TV арнасына ауысқан "Urfalıyam Ezelden" (Мен ежелден Урфалықпын) сериалында "Жемал" рөлін сомдады. 2017-2021 жылдары TRT 1 арнасында көрсетілген "Payitaht Abdülhamid" (Сарай: Абдулхамид) тарихи сериалында II Абдулхамид сұлтанның рөлін сомдады.
Фильмографиясы Кино (Синема) Жыл Туынды атауы Рөлі 1998ҚайықшыХасан2000Тар алаңда қысқа пастасуларМұстафа Атеш2001ЕшжердеПолис (Полицей)2003Визонеле ТуубаМахмұт Дұран2004Бір махаббат хикаясыИсмаил2005Махаббат жолыОмер ЛачинерЖәннатты күткендеГазал2008Басқа ауданның балаларыКеримАқшамдан қалма (Бас жазу)Емин2010Ақшамдан қалма 2Емин2012Ақшамдан қалма 3ЕминТас мектеп2013БалықКая2024Хаятпен барыс (Өмірмен бітім)Йылмаз Телевизия (Сериалдар) Жыл Туынды атауы Рөлі1992Аудан құлақтары (Махалле нің мұхтарлары)2000Абайлаңыз, нәресте бар!РежепЖеті нөмір2001Батыл күдікҚараңғыда жүгіргендерНұри2002АзадАзадМахаббат пен мақтанышБалықшы2003-2005Оқ жарасыҚаймақам Жемал2005-2007Жөке ағашының саясындаЙылмаз Ақын2007-2008ҚаражыланҚаражылан2008Жүрексіз адамОқтай Ереноғлы2009-2010Бұл жүрек сені ұмыта ма?Синан Шахин2010-2011Бітпейтін әнЯман Гүналан2011-2012Бір балаға ғашық болдымТимур Гүрхан 2013-2014Татар РамазанTatar Рамазан2014Урфалықпын ЕзелденЖемал Бозоғлы2016Әкем және оның отбасыКемал Ипекші2017Соңғы дастанДастан2017-2021Абдулхамидтің тағыII. Абдулхамид2024-2025Жан қарызы (Жан боржы)Мехмет Мұслыоғлы2025-2026ҚызғануПрокурор Жихан Гүнеш ЖақындаӨмір ұста ? Интернет (Ағынды платформалар) Жыл Туынды атауы Рөлі2023-2025Мәуләнә Жәләләддин РумиМәуләнә Жәләләддин РумиЖақындаИмам ҒазалиӘбу Әли Фармеди
Дереккөздер
Санат:Түркия актерлері