Цетинедегі жаппай кісі өлтіру — 2025 жылғы 1 қаңтарда Черногорияның Цетине қаласында жаппай адам өлімі орын алды, нәтижесінде оннан астам адам қаза тапты. Оқиға түстен кейін қоғамдық орында басталған қақтығыстан кейін орын алған. Ацо Мартинович есімді азамат оқиға орнына қарумен оралып, оқ атып, кемінде жеті адамды мерт қылып, бірнешеуін жаралаған. Кейін ол қаруын тастап, оқиға орнынан жасырынған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұстау әрекеті кезінде ол өзіне оқ атып, ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Оқиға Черногорияның радио және телевидениесі жергілікті тұрғын Ацо Мартиновичтің кафеде болғанын, сол жерде оның бір келушімен жанжалдасып қалғанын хабарлады. Күдікті өз үйіне барып, қару алып, қайта оралып, оқ жаудырған. Осыдан кейін ол кафеден шығып, Хумци ауданына барып, атыс болған кафенің иесінің балаларын және бір әйелді өлтірген.

Салдары 2025 жылғы 3 қаңтарда Черногория премьер-министрі Милойко Спаич Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиында елдегі қару ұстау ережелерін қатаңдату мәселесі талқыланды. Жаңа ережелерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін барлық қару иелері қосымша психологиялық тексеруден өтуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, олардың лицензиялары жойылады. Қаруды заңсыз сақтаған азаматтар оны екі ай ішінде тапсыруға міндетті. Бұл талапты орындамағандарға қомақты айыппұлдар қарастырылған.

Осы күні Черногория астанасы Подгорицада үкімет ғимаратының алдында митинг өтті. Наразылық акциясына қатысушылар биліктің қару айналымын бақылау саясатына қанағаттанбағанын білдіріп, оны тиімсіз деп сынға алды.

Реакция : Черногория үкіметі үш күндік аза тұту жариялады.

Халықаралық : Сербия президенті Александр Вучич Черногория президентіне көңіл айтып, зардап шеккендер мен олардың жақындарына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті және құндылықтар зорлық-зомбылықтан жоғары тұратын қоғам үшін күресуге шақырды. Сонымен қатар, Вучич Черногорияның мемлекеттік органдарына жан-жақты көмек ұсынды. Сербия үкіметі 2025 жылғы 5 қаңтарды аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Дереккөздер

Санат:2025 жылдағы Черногория Санат:2025 жылғы апаттар