Рүстембек кесенесі – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Созақ ауданы, Тасты ауылынан 2 км солтүстік-батыста орналасқан.

Сипаты Төртбұрышты етіп шикі кірпіштен (30х11х8) тұрғызылған. Рүстембек кесенесі биік төбеде салынған. Басқа ескерткіштен айырмашылығы кесенеде портал жоқ. Сондай-ақ алдыңғы беті басқа ескерткіштерде кездеспейтін арканың төменгі жағы секілді бедерленген. Бір камералы құрылыстың ішкі қабырғасы сегізбұрыш етіп салынған.Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Түркістан облысы сәулеті