КСРО-ның барлық республикаларының елтаңбаларында орақ пен балға, қызыл жұлдыз, көтерілген күн менен масақ болды. Бұл элементтерді әр республикада өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері — Азия республикаларында мақта, Қазақстан мен Украинада бидай, Молдовада жүзім қоршады. Елтаңбалардың барлығында «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран республиканың ресми тілінде және орыс тілінде (Бұхара КСР елтаңбасынан басқа) жазылған. 1991 жылы КСРО ыдыраған кезде елтаңбалар келесідей болды:
Одақтас республикалардың елтаңбалары
Қазіргі уақытта үш бұрынғы КСРО республикалар өздерінің кеңестік елтаңбаларының өзгертілген нұсқаларын қолданады: Беларус (1995 жылдан бастап), Тәжікстан, Өзбекстан. Түрікменстанның елтаңбасы да кеңестік елтаңбаның негізінде жасалған, бірақ түпнұсқадан тек мақта мен масақ қана қалды. Мойындалмаған Приднестров Молдавия Республикасы Молдова КСР елтаңбасының өзгертілген нұсқасын пайдаланады.
Карел-Фин КСР елтаңбасы thumb|right|200px|Карел-Фин КСР елтаңбасы 1940-1956 жылдар аралығында өмір сүрген Карел-Фин КСР елтаңбасы ешқашан өзгермеген.
Күнгей Кавказ СФКР елтаңбасы thumb|right|200px|Күнгей Кавказ СФКР елтаңбасы Кейіннен Әзербайжан, Армения және Грузияға бөлінген КСФКР елтаңбасы 1922 жылы бекітілді, бірақ келесі жылы жаңа үлгісіне ауыстырылып, 1930 жылға дейін сақталды; содан соң елтаңба өзгертіліп, 1936 жылы республика тарағанға дейін қолданылды.
Автономиялы республикалардың (АКСР) елтаңбалары Төменде автономиялық кеңестік социалистік республикалардың (КСРО ыдыраған кездегі) елтаңбалары берілген. РКФСР құрамындағы
Әзербайжан КСР құрамындағы
Өзбек КСР құрамындағы Өзбек КСР құрамына кірді: Тәжік АКСР (1929 жылдың 26 қазанына дейін) Қарақалпақ АКСР
Грузин КСР құрамындағы Грузин КСР құрамына кірді: Абхаз АКСР (1931 жылдың 19 ақпанына дейін — Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы) Аджар АКСР (1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін — Аджарстан Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы)
Украин КСР құрамындағы Украин КСР құрамына кірді: Молдова АКСР (1940 жылдың 2 тамызына дейін)
Тағы қараңыз КСРО республикаларының тулары
Әдебиет
Дереккөздер
Санат:КСРО одақтас республикаларының елтаңбалары