Василе Кристя (; 24 ақпан 1906 – 17 қаңтар 2000) — румын грек-католик шіркеуінің дін қызметкері, ассумпционистер монашескі қауымдастығының мүшесі. Рим куриясының ресми өкілі және шетелдегі румын грек-католиктерінің апостолдық инспекторы қызметін атқарды. Сонымен қатар, Лебедос титулдық епископы болды.

Василе Кристя 1906 жылы Аустрия-Мажарстанның (қазіргі Румыния) Шомоштельник қаласында дүниеге келген. Блаж қаласындағы Теология академиясын тәмамдаған. Ассумпционистер орденіне қосылып, 1932 жылы грек-католик діни қызметкері ретінде тағайындалды.

1960 жылы 2 шілдеде Рим Папасының шешімімен епископ болып тағайындалды, ал 8 қыркүйекте епископ Джованни Меле басты консекраторы болған рәсімде епископтық дәрежеге көтерілді. Оның тұрақты резиденциясы Ватиканда орналасқан. Франция, Ұлыбритания, Германия және АҚШ-тағы румын грек-католиктік миссияларын қадағалады.

1966 жылы Америкадағы Православие шіркеуінің болашақ епископы және Детройт пен Румын епархиясының архиепископы Нафанаилді (Поппа) діни қызметкер етіп тағайындады.

1987 жылғы 10 қазанда отставкаға шығып, өмірінің соңғы жылдарын Римде өткізді.

2000 жылғы 17 қаңтарда, 94 жасында Рим қаласында қайтыс болды.

Дереккөздер

Санат:Діни қайраткерлер Санат:Румынияның Грек-католик шіркеуінің епископтары