2025 жылы 13 сәуірде Ресейдің Украинаға басып кіруі барысында Ресей әскери күштері Сумы қаласының орталығына екі баллистикалық зымыранмен соққы жасады. Нәтижесінде 34 адам қаза тапты, олардың ішінде 2 бала болды; 117 адам (соның ішінде 15 бала) жарақат алды.
Оқиға Соққы Верб жексенбісінде қала орталығына, адамдар көп жиналған уақытта жасалды. Сумы мемлекеттік университетінің балаларға арналған іс-шаралар өткізіліп тұратын Конгресс-орталығы зымыран соққысының нысанына айналды. Соққының салдарынан қаланың бір көшесінде өрт шықты. The Guardian басылымы бұл шабуылды жыл басынан бергі бейбіт тұрғындарға қарсы ең ауыр соққы деп сипаттады.
BBC жаңалықтар қызметі соққыға қатысты бейнежазбалар ресейлік зымыранның қалыпты жұмыс істегенін көрсететінін атап өтті, бұл халық тығыз орналасқан ауданға әдейі соққы берілген болуы мүмкін деген ықтималдылықты күшейтеді.
Салдары Қаза тапқандардың қатарында — Сумы облыстық филармониясының солист-органискасы, Михаил Щепкин атындағы Сумы ұлттық театры оркестрінің әртісі Елена Когут,Любила музыку и Украину. В результате ракетного удара РФ по Сумах погибла талантливая пианистка сондай-ақ салық қызметі басшысының орынбасары Людмила Гордиенко болды.Russian strikes on Ukrainian city of Sumy kill 34, in deadliest attack this year Жарылыс толқынынан жолаушыларға толы троллейбус зақымданды: жолаушылардың көпшілігі мен жүргізуші қаза тапты.
Бердичев қалалық кеңесі мен жергілікті «РИО Бердичев» басылымының хабарлауынша, шабуыл кезінде А1476 әскери бөлімінің командирі, 27-ші РеАБР бригадасының қолбасшысы, Украина Қарулы күштерінің полковнигі Юрий Юла қаза тапты.Сайт Бердичевского горсовета с новостью о гибели Юрия ЮлыСообщение «РИО Бердичев» с новостью о гибели Юрия Юлы
20 ғимаратқа зақым келді, олардың қатарында 4 білім беру мекемесі, кафетерийлер, дүкендер және бес тұрғын үй, сондай-ақ 10 автокөлік болды.
Реакция Сумы қаласында 14 сәуірден бастап үш күндік аза тұту жарияланды.
Халықаралық реакция Еуроодақ елдерінің басшылары Сумы қаласына жасалған Ресейдің соққысын айыптады: ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кая Каллас бұл шабуылды «Украина еш шартсыз бітімге келіскен кезде Ресейдің шабуылдарын күшейтуінің үрейлі мысалы» деп атады; Урсула фон дер Ляйен бұл соққыларды «Ресейдің басқыншы ретінде болғанын және сол күйінде қалғанын еске салатын қайғылы ескерту» деп сипаттады.
АҚШ-тың Украина мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог бұл шабуылды «әдептілік шекарасынан асып кеткен» деп мәлімдеді. 14 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трампта соққыға қатысты пікір білдіріп, оны қорқынышты деп атады, алайда Ресейді тікелей атамады және шабуылды әдейі жасалды деп санай ма, жоқ па — нақтыламады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио әлеуметтік желіде Ресей соққысына қатысты: «АҚШ бүгінгі Сумыға жасалған қорқынышты зымыран шабуылынан зардап шеккендерге терең көңіл айтады» деп жазды.
Христиан-демократиялық одақтың төрағасы Фридрих Мерц бұл шабуылды «қастандықтың шегі» және «қасақана әрі есептелген әскери қылмыс» деп атады. Ол сондай-ақ, Еуропалық әріптестермен келісілген жағдайда Украинаға неміс-шведтік алыс қашықтыққа ұшатын TAURUS қанатты зымыранын жеткізуді қолдайтынын білдірді.Мерц поддержал поставку Киеву TAURUS c согласия партнеров
Тағы қараңыз Кривой Рог қаласына жасалған зымыран соққысы (4 сәуір, 2025)
Дереккөздер
Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі кезіндегі зымыран соққылары Санат:Ресейдің Украинадағы әскери қылмыстары