Мемлекеттік қауіпсіздік бас комиссары () — 1935-1945 жылдары КСРО ІІХК/МҚХК басқарушы құрамның арнайы атағы.

Мәртебесі «Кеңес Одағы маршалы» әскери атағына сәйкес болды (ресми баламасы болған жоқ). Бұдан кейінгі төменгі шен: 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары.

КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 26 қарашадағы «Мемлекеттік қауіпсіздіктің бас комиссары атағын белгілеу және оны КСРО Ішкі істер халық комиссары жолдас Ягода Г. Г. беру туралы» қаулысымен енгізілген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1945 жылғы 9 шілдедегі Жарлығымен КСРО МҚХК қызметкерлерінің әскери қызметшілерге теңестірілуіне және арнаулы мемлекеттік қауіпсіздік атақтарының әскери атақтармен ауыстырылуына байланысты Мемлекеттік қауіпсіздік бас комиссары атағы жойылды.

Атақтың берілуі Бұл атаққа үш ішкі істер халық комиссарлары ие болды: КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 26 қарашадағы «Мемлекеттік қауіпсіздіктің бас комиссары атағын белгілеу және оны КСРО Ішкі істер халық комиссары жолдас Г. Г. Ягодаға беру туралы» қаулысымен Мемлекеттік қауіпсіздік бас комиссары атағы: Ягода Генрих Григорьевич — КСРО ішкі істер халық комиссарына берілді; КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1937 жылғы 27 қаңтардағы «Мемлекеттік қауіпсіздіктің бас комиссары атағын КСРО ішкі істер халық комиссары жолдас Н. И. Ежовқа беру туралы» қаулысымен Мемлекеттік қауіпсіздік бас комиссары атағы: Ежов Николай Иванович — КСРО ішкі істер халық комиссарына берілді; КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1941 жылғы 30 қаңтардағы «Ішкі істер халық комиссары жолдас Л. П. Берияға Мемлекеттік қауіпсіздіктің бас комиссары атағын беру туралы» жарлығымен Мемлекеттік қауіпсіздіктің бас комиссары атағы: Берия Лаврентий Павлович — КСРО ішкі істер халық комиссарына берілді (1945 жылы 9 шілдеде Берияға Кеңес Одағы маршалы атағы берілді).

Мемлекеттік қауіпсіздіктің үш бас комиссары да өлім жазасына кесіліп, олардың ешқайсысы ақталмады.

Айырым белгілері

1935-1937 жылдардағы айырым белгісі — гимнастерка немесе кителдің жеңінде жолағы бар қызыл, көк, жасыл және қалақай түсті кестелермен жиектелген үлкен алтын жұлдыз, сондай-ақ, ІІХК жоғарғы қолбасшылық құрамы үшін ортасында алтын жолағы бар бірыңғай ілгектер; 1936 жылы ілгекке үлкен жұлдыз қосылды. 1937-1943 жылдары — ілгектегі үлкен жұлдыз (Кеңес Одағы маршалындағыдай, бірақ ілгекте мемлекеттік қауіпсіздік органдарының реңктері болды, қызыл орақ және балғадағы жұлдыз, және ерекше кесте тігілген - жұлдыз жұқа қызыл, көк, жасыл және қалақай түсті жіптермен дәйекті түрде жиектелген еді)ЗНАКИ РАЗЛИЧИЯ ГЕНЕРАЛЬНОГО КОМИССАРА ГОСБЕЗОПАСНОСТИ. Введены приказом Народного Комиссара Внутренних Дел СССР № 278 от 15 июля 1937 года. . 1943-1945 жылдары иық белгілері, Кеңес Одағы маршалдарына ұқсас, бірақ көктікен түсті ирек сызығы болдыПОГОНЫ КОМИССАРОВ ГОСБЕЗОПАСНОСТИ. Введены приказом Народного Комиссара Внутренних дел СССР № 126 от 18 февраля 1943 года. .

Тағы қараңыз Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары

Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлерінің шендері Санат:Мемлекеттік қауіпсіздік бас комиссары