нобай|оңға|250px|Гюлеш палуандары Бакудегі спорт мерекесінде Гюлеш () — Әзербайжан халқының ұлттық күрес түрі. Ол Баку маңындағы елді мекендерде және Әзербайжанның көптеген басқа облыстары мен қалаларында танымал.

Гюлеш күресінің тарихы Гюлеш — Әзербайжан жеріндегі ежелгі күрестің ұлттық түрі. Бұл спорт түрі әзірбайжан халқының тарихи-мәдени мұрасымен тығыз байланысты. нобай|оңға|250px|Гюлеш палуандары Бакудегі Наурыз мерекесінде Гюлеш күресі Әзірбайжанда 1500 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Ол Ұлы Дала кезінде түріктер арасында кең таралған, содан кейін Әзербайжан мәдениетінде өз орнын тапты.

Ертеде ауылдарда бұл күресті жер бетінде сайысатын. Ал Бакуде, Гянджада және Ордубадта зорханада өтті. Зорханада жарыстар мен оқу-жаттығулар өтіп, музыка әуені ойналып, батырлар ерліктері туралы әндер шырқалды.

Гүлеш танымал спорт түрі және жарыстар жергілікті, облыстық және республикалық деңгейде өткізіледі. Ол ұлттық мерекелер мен мәдени іс-шаралардың ажырамас бөлігіне айналған. Екі балуан арасындағы гюлеш жекпе-жегінде күрте (былғары жилет) мен зығырдан тігілген шалбардан тұратын арнайы киім киеді. Формада балуанның күші мен қайраттылығын білдіретін белбеу, ұлттық дәстүрді бейнелеу қызметін атқаратын бас киім сияқты ерекше символдық элементтер бар.

Гюлеш күресінің маңызды элементтері-техника, күш, төзімділік және ептілік. Гюлеш күресі ежелгі дәуірден бастау алады және дамып, жанкүйерлер мен қатысушыларды көбірек тартуда.

Күрестің сипаттамасы, тәртібі Жекпе-жек басталар алдында ұлттық шалбар киген палуандар күрес кілемінің қиғаш қарама-қарсы бұрыштарында тұрады. Қызыл шалбар киген бірінші шақырылған палуан қызыл бұрышқа, екінші шақырылған балуан көк шалбармен көк бұрышқа шығады (Ауылдық жерлерде балуандар күнделікті киіммен жарыса алады). Жекпе-жек төрешісінің ысқырығымен басталады. Ауылдық жерлерде балуандар күнделікті киіммен жарыса алады. нобай|оңға|200px|Күрес шалбары («тамбан») Палуандар бір-бірімен төмен иіліп, оң қолдарымен ым-ишарамен амандасады. Амандасып болғаннан кейін төреші ысқырып, музыка әуенінің сүйемелдеуімен міндетті денені қыздыру жаттығулары басталады. «Джанга» музыкалық сүйемелдеуімен орындалатын міндетті жаттығулар кезінде палуандар оң қолдарын жоғары көтеріп, бір-біріне жақындап, алақанымен соғып, итеріп, акробатикалық, ырғақты, сонымен қатар арнайы жаттығуларды орындайды. Балуандардың міндетті жаттығуларын орындағаннан кейін төрешілер + немесе – (плюс немесе минус) ұпайларымен бағалайды.

Төрешінің кілемдегі қимылы бойынша палуандар бір-бірімен қол алысып амандасады, бір мезгілде бір-бірінің иықтарын сермеп, кеуделерімен итеріп жібереді. Осыдан кейін төреші ысқырығымен, екі балуанның бес минутқа созылатын тартысы басталады.

Жеңіс палуанға келесі нәтижелер бойынша беріледі: айқын жеңіс; ұпай бойынша жекпе-жектегі жеңістер; жекпе-жек кезінде қарсыласты жарысқа қатысу құқығынан айыру; қарсыластың жекпе-жекке шығудан бас тартуы немесе оның кілемге шықпауы.

Дереккөздер

Санат:Әзербайжан ұлттық спорт түрлері