Тимофей Васильевич Васильев (; 3 наурыз 1897 жыл, Мариинск уезі, Томск губерниясы – 23 маусым 1939 жыл, Мәскеу) — эрзя заңгері, қоғамдық-саяси қайраткер, Мордовия заманауи сот жұмысы жүйесінің негізін қалаушы. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне қатысты.
Өмірбаяны Тимофей Васильев қоныс аударған эрзялар отбасында дүниеге келген. Васильев жастайынан шахтада жұмыс істейтін. Жас Васильевтің оқуға деген ниетін көрген бітістіруші сот оны бітікші қызметіне алды.
Төңкеріс пен азамат соғысы жылдарында Васильев Омбыдағы тұңғыш кеңестік халық судьясы болды. Омбы мен Тарадағы тұңғыш революциялық трибуналды Васильевтің өзі ұйымдастырған болатын. Көп ұзамай ол Губерния Халықтық судьялар кеңесінің төрағасы болып та сайланды. 1918 жылы Омбыны өз бақылауына колчакшылар алды да, Васильев партизан қозғалысына қатысатын болды, штаб қолбасшысына айналды. 1920 жылдан 1923 жылға дейін Васильев Енисейск губерниялық әділет бөлімінде қызмет етті, кейін Қиыр Шығыс республикасының Басты әскери-саяси мектебінде батальон басқарды.
1924 жылдан 1928 жылға дейін Васильев Мәскеу мемлекеттік институты заң факультетінің құқық-шаруашылық бөлімінде білім алды.
1926 жылғы қаңтарда ол Башкириядағы прокурор көмекшісі болып тағайындалды. 1927 жылы астанаға оралған ол Мәскеу губерниялық қорғаушылар алқасында жұмыс тапты.
1929 жылғы 5 желтоқсанда Васильев БОАК ұйымдастыру бөліміне қосылды.
Васильев пен Мордва мәселесі нобай|оңға|Васильев жазған «Мордовия» кітабының сырты
Мәскеудегі оқуы кезінде Васильев мордва жастары студенттер үйірмелеріне белсенді қатысатын, КОКП ОК мордва бөлімінің органы болған «Якстере Теште» (Қызыл жұлдыз) газетінің редакторы болды, нұсқаушы болуға БОАК бөліміне шақырылды. 1924–1925 жылдары Васильев Мордовия автономиясының құрылуына ат салысты.
1928 жылы Васильев Мордовия округтік сотының бірінші төрағасы болып тағайындалды. Оның қатысуымен Мордовияның соттарында жергіліктендіру саясаты жүргізілді — сот жұмысы жергілікті халықтардың тілдеріне аударылатын болды.
1931 жылы Васильевтің «Мордовия» кітабы жарық көрді. Бұл идея мордва идеясын анықтайды, зерттеуші өлкетанушыларға анықтамалық бола алады: өлкенің физикалық-географиялық келбеті, Мордовия халқы, тарихы, шаруашылығы және мәдениеті, жергіліктендіру нәтижелері жайлы баяндайды.
Сауда өкілдігі 1931 жылы Васильев КСРО-ның Ұлыбританиядағы Сауда өкілдігінің бірінші төрағасы болып тағайындалды. 1934 жылғы 16 ақпанда Васильев қатысуымен қатынастары нашар КСРО мен Ұлыбритания арасында сауда келісімі жасалды.
Ұлыбританиядағы Васильев заңгер мен іскер қауымдарында беделді болды. «КСРО заңгерлерінің шешімдерін негізделген, дұрыс деп атауға болмайды, олардың бәрі де етікшілерден тараған», деді бір сот шешімімен келіспеген британдық фирма өкілі. Васильев сонда:
деді. Судья Васильев қабілетіне күмәндануға еш себеп таппады, оның өз ел мүддесіне өкілдік ететінін айтты.
Васильевтің жетістігі кеңестік деп саудадан британдық бюджетке түсетін салық төлемдерінің айтарлықтай төмендеуін (бір жарым миллион фунт стерлингке жуық) санауға болады. Осы жұмысы үшін Васильев 1937 жылғы қарашада арнайы сыйлық алды.
Еске алу 2007 жылы «Мордовия» кітабы Саранскіде қайта басып шығарылды. 2012 жылғы қазанда Т.В. Васильевті еске алу Мордовия Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы орын алды. 2014 жылғы қыркүйекте, Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетінде Васильевке арналған «Күрестегі өмір» кітабы жарық көрді.
Дереккөздер
Санат:Кемерово облысында туғандар Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:КСРО заңгерлері Санат:Ресейдегі Азаматтық соғыс қызыл партизандары Санат:Мордовия тұлғалары