Дмитрий Степанович Желтов (1890 жыл, Напольное, Сімбір губерниясы – 1961 жыл, Бішкек) — кеңестік партия қайраткері.

Өмірбаяны Дмитрий Желтов 1890 жылы Сімбір губерниясының Алатырь уезіндегі Напольное ауылында (қазіргі Порецкое ауданы, Чувашия) туған. 1910 жылы ол Порецкое мұғалімдер семинариясында білім алды. Оқуынан кейін ол ауыл мектебінде оқытатын болды. Кейін Ресейдегі азамат соғысына қатысты. 1914 жылы армияға шақыру алды. 1918 жылы КОКП-ның Алатырь аудандық комитетінде жұмыс істеді. 1921 жылдан 1924 жылға дейін Желтов КОКП ОК мордовиялық филиалының хатшысы болатын. Желтов бастамасымен «Якстере Теште» («Қызыл жұлдыз») мен «Од Веле» («Жаңа ауыл») эрзятілді газеттері жарық көрген болатын. Желтов қызметінің арқасында Алатырьде, Петровскіде эрзятілді оқу орындары да ашылған. Кейін ол түрікмен делегациясының мүшесі, Орталық Ауыл шаруашылығы Банктерінің тексерушісі, Бурят-Моңғол АКСР Ауыл шаруашылығы Халық комиссариатының төрағасы болды. 1937 жылы Желтов қамауға алынды, қуылды. 1956 жылы КСРО үкіметі оны ақтады. 1961 жылы Бішкекте Желтов қайтыс болды.

Қолданылған әдебиет Дёмин, Василий Иванович. Эрзянь журналистиканть эрямопингезэ : монография : кавто пельксстз Василий Дёмин. - Саранск : Лит. фонд России, 2013. - Васенце пельксхь ' - 404 с. - Мордов.- эрзя яз.

Санат:КСРО саясаткерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Мордовия тұлғалары