Руслан Сұлтанұлы Желдібай (31 наурыз 1989 жыл, Қаратау) — қазақстандық саясаткер, журналист, тележүргізуші, 2026 жылдан бастап Президенттің штаттан тыс кеңесшісі. Ол 2022–2023 және 2025–2026 жылдары Президенттің баспасөз хатшысы болған еді.
Өмірбаяны Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келді.
2010 жылы ол Қазақ экономикалық университетін маркетинг мамандығы бойынша тәмамдады, Болашақ бағдарламасының түлегі: Ұлыбританиядағы Уорик университетін жобалық басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Желдібай 2010 жылы «Ел Арна» телеарнасында «Азамат» жастар бағдарламасының жүргізушісі болып бастаған.Кадровые перестановки
2011—2012 жылдары «Қазақстан» телеарнасында «Алаң» саяси ток-шоуын жүргізді.
2012–2018 жылдары ол 6 жыл бойы «Алматы» телеарнасының бөлім басшысы, бас продюсері болды.
2018–2020 жылдары ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дәурен Абаевтың қарамағында еңбек етті: 2018–2019 жылдары Ақпарат комитеті Интернет кеңістігінде және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы болса, 2019–2020 жылдары аталған комитет төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2020–2022 жылдары Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2022 жылғы ақпан–сәуір айларында Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды.
2022 жылдан бастап Президент Әкімшілігінде жұмыс істейді.
2022–2023 жылдары Президент баспасөз хатшысы болды. 2023 жылғы 5 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін оған қоса Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте алдыңғы лауазымынан босатылғаннан кейін Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
2025 жылғы 17 ақпаннан бастап Президенттің баспасөз хатшысы болды. Оған қоса 9 қыркүйекке дейін Президент кеңесшісі және 9 қыркүйектен бастап Президент көмекшісі болды. 2026 жылғы 29 қаңтарда ол екі лауазымынан да босатылды.
2026 жылғы 21 мамырда Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Қосымша лауазымдары «Қазақстан» РТРК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2022–2026) Халықаралық дзюдо федерациясының жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша директоры (2025 жылдан бастап)Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясында қызметке тағайындалды
Марапаттары мен атақтары Достық ордені (Өзбекстан, 2024)
Отбасы Желдібайдың әкесі Сұлтан Желдібаев (1956–2026)Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды — инженер, анасы Бейсенгүл Жүнісова (1956 жылы туған) — ұстаз.Қанат Төребаевтың Facebook-тегі жазбасы
Желдібай үйленген, жұбайы — Алтынай Әшірбаева (1990 жылы туған). Балалары: қыздары Адия (2012 жылы туған), Әмина (2016 жылы туған) және ұлы Дінмұхаммед (2014 жылы туған).Акционерное Общество "Республиканская Телерадиокорпорация "Казахстан". Аффилированные лица
Дереккөздер
Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Уорик университеті түлектері Санат:Қазақстан президентінің баспасөз хатшылары