thumb|right|300px|Ерлікозавр бейнесі thumb|right|300px|Баян Ширэ фаунасындағы жануарлар бейнесі thumb|right|300px|Ерлікозавр және Хальшкараптор бас сүйегі Ерлікозавр (, Түркі және моңғол тілдеріндегі "Ерлік", "Ерлік хан" сөзі және грек тіліндегі Saurus — кесіртқе, яғни "Ерлік кесірткесі") – кеш Бор дәуірінде Азияда өмір сүрген теризинозавридтер тобына жататын динозаврлар тұқымдасының бір өкілі. Оның қазба қалдықтары – бас сүйегі мен қаңқаның бірнеше бөліктері – 1972 жылы Моңғолияның Баян Ширэ формациясынан табылған. Бұл қабат шамамен 96–89 миллион жыл бұрынғы кезеңге жатады. Бұл қалдықтарды 1980 жылы Алтангэрэл Перлэ мен Ринчен Барсболд сипаттап, жаңа тұқым мен түрге Ерлікозавр (Erlikosaurus andrewsi) атауын берді. Бұл динозавр Баян Ширэ формациясынан табылған екінші теризинозавр таксоны болып табылады (Enigmosaurus пен Segnosaurus-қа қосымша) және ерекше динозаврлар тұқымдасының ішіндегі ең толық бас сүйегі бар үлгісі саналады.

Көптеген теризинозавридтермен салыстырғанда, Ерлікозавр – ұзындығы шамамен 3,4 м (11 фут) және салмағы 150–250 кг (330–550 фунт) болатын кішілеу өкіл болған. Оның тұмсық ұшында жақсы дамыған тұмсығы (мүйіз тәрізді құрылым) және өсімдіктермен қоректенуге бейімделген тісті жақтары болған. Аяқтары төрт саусақпен аяқталып, оның бірінші саусағы тікелей бақайға жалғасқан – бұл көпшілік тероподтардағы редукцияланған (жойылып кеткен) бірінші саусаққа қарама-қайшы. Басқа теризинозавридтер секілді, ерлікозаврдың ішегі ірі болып, азықты қорытуға бейімделген, ал алдыңғы аяқтары ұзын тырнақтармен аяқталып, жамбас сүйегі артқа бағытталған.

Ерлікозавр Therizinosauridae тұқымдасына жататын теризинозавр ретінде жіктеледі. Теризинозаврлар бастапқыда ұзақ уақыт бойы жұмбақ, туыстық жағынан түсініксіз динозаврлар ретінде қарастырылған. Кейінгі зерттеулер олардың теропод динозаврлар тобына жататынын және манирапторлармен туыстығын дәлелдеді. Ерлікозаврдың тұмсығы мен жақ құрылымы жапырақтарды жұлып жеуге арналған, мұнда тұмсық пен мойын белсенді рөл атқарған. Segnosaurus-пен салыстырғанда бірқатар айырмашылықтар олардың қорек аймақтарын бөліскенін (экологиялық нишаға бөлінгенін) көрсетеді.Lautenschlager, S.; Rayfield, E. J.; Perle, A.; Zanno, L. E.; Witmer, L. M. (2012). "The Endocranial Anatomy of Therizinosauria and Its Implications for Sensory and Cognitive Function". PLOS ONE. 7 (12): e52289. Bibcode:2012PLoSO...752289L. Дереккөздер

Санат:Динозаврлар Санат:Ерлікозаврлар