thumb|right|200px|Себастьян Стэн Баки Барнс () – Marvel кинематографиялық әлеміндегі кейіпкер. Оның толық аты Джеймс Бьюкенен Барнс, ол әдетте Қысқы жауынгер () деген лақап атымен белгілі, және «Ақ қасқыр» ( ) есімі де бар.

Ол Стив Роджерстің балалық шағындағы ең жақын досы, Екінші дүниежүзілік соғыста онымен бірге қызмет етті, бірақ «Гидра» ұйымы оны тұтқындап, жадын өшіреді және басына «Қысқы солдат» бағдарламасын енгізеді. Солай ол кемелдендірілген солдат болады.

Баки Барнс рөлін MCU әлемінде американдық актер Себастьян Стэн ойнайды. Барнс алғаш рет «Капитан Америка: Бірінші кек алушы» (2011) фильмінде пайда болды және кейін тоғыз фильмде көмекші фигураға айналады, оның ішінде «Ант-Адам» (2015) және «Қара пантера» (2018) фильмдеріндегі титрден кейінгі көріністерде.

2021 жылы «Сұңқар және Қысқы жауынгер» сериалында пайда болады.

2025 жылы Капитан Америка: Жаңа әлем және Найзағай атқыштар фильмінде пайда болады.

Қысқы жауынгерді 1940 жылы Джо Саймон ойлап тапқан. Оны Капитан Американың Баки есімді серігі ретінде саладыSimon, Joe, with Jim Simon. The Comic Book Makers (Crestwood/II, 1990), p. 50. ISBN 1-887591-35-04. Reissued (Vanguard Productions, 2003) ISBN 1-887591-35-04. Кейіпкердің дебюті «Captain America Comics» #1 (1941 жылдың наурызы) журналында болды.

Дереккөздер

Санат:Marvel Comics кейіпкерлері Санат:Капитан Америка