Талыш тілі (Talysh language) — үндіеуропалық тілдер отбасының ирандық тармағының солтүстік-батыс тобына кіреді, аналитикалық құрылысы бар тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады, өткен шақта өтпелі етістіктері бар сөйлемнің эргативті құрылысына ие.

Референтті халық Референтті халық: талыштар; өз атауы – толыштар.

Географиялық таралуы Олар Әзербайжанның оңтүстік-шығысында Талыш тауларында, негізінен Ленкоран, Астара және ішінара Масаллы, Лерик аудандарында және Иранның шекаралас аймақтарында тұрады.

Диалектісі Талыш тілінде негізгі төрт сөйленіс бар: ленкоран, астар, лерик, массалин.

Жазуы Көптеген зерттеушілер жазуы жоқ деп санайды. Иранда талыш тілін жеткізу үшін араб жазуы қолданылады. Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнаған соң 1920 жылдардың аяғында талыш әліпбиінің әріптерін жазу үшін латын әліпбиі енгізіліп, 1939 жылы кириллицаға көшіруге әрекет жасалды. 1930 жылдары бұл тілде көптеген оқулықтар мен көркем әдебиеттер басылып, оның диалектілері зерттелді.

Талыш кирилл әліпбиі: A aБ бВ вГ гҒ ғД дЕ еӘ әЖ жЗ зИ иЫ ыJ jК кЛ лМ мН нО оП пР рС сТ тY yФ фХ хҺ һЧ чҸ ҹШ ш

Қазіргі талыш латын әліпбиі: A aB bС сÇ çD dE eӘ әF fĞ ğH hX xI ıİ iJ jK kQ qL lM mN nO oP pR rS sŞ şT tÜ üV vY yZ z

Дереккөздер

Санат:Иран тілдері Санат:Әзербайжан тілдері