Жартас өзені — Қопа өзенінің сол жақ саласы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 36 шақырым, су жинайтын алабы — 236 км².
Сипаттамасы Географиясы Айтау тауларының оңтүстігіндегі Алмалы шатқалынан бастау алады. Бастауы Еспе ауылынан 5 шақырым солтүстікте орналасқан. Шығысқа қарай ағып, Ұзынжартас шатқалын кесіп өтеді. Саз темір жол бекетіне таяу жерде Қопа өзеніне құяды. Сағасына су мол жылдары ғана жетеді, көбіне темір жол маңында сіңіп кетедіТопографиялық карта k-43-020. Өзеннің суы мал шаруашылығына пайдаланылады. Салалары Бірнеше саласы бар, ең үлкені — Бөрілі. Бөрілітөбе тауларынан басталып, түстікке қарай ағады. Ұзындығы 12 шақырым. Жартас егістік бекетіне 5 км қалғанда Жартасқа сол жағынан құяды.
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері