Армәсзаңгер () — «армиялық әскери заңгер» лауазымының қысқартылған атауы және ЖШҚӘ жоғарғы басшылық құрамның жеке әскери атағы. Корәсзаңгерден жоғары, ЖШҚӘ әскери заңгерлік құрамның ең жоғары дәрежесі болды.

Тарихы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 22 қыркүйектегі «ЖШҚӘ басшылық құрамы үшін жеке әскери атақтарды енгізу туралы» қаулысымен К-14 қызмет санатындағы әскери-заңгерлік құрамның бұрынғы барлық шендерін алмастыру үшін енгізілген. ІІХК органдары мен әскерлерінде бұл атақ 1935 жылғы 23 қазандағы № 331 бұйрығымен белгіленді. КСРО ОАК және КСРО ХКК қаулыларымен берілді.

Әскер түріСәйкес атақ/лауазымҚолбасшылық құрамдақұрлықтағы және әскери-әуе күштерінде2-дәрежелі командармКСРО ішкі істер халық комиссариаты2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары, КСРО ОАК мен ХКК 1935 жылғы 7 қазандағы қаулысымен енгізілді (ІІХК шекара және ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде ЖШҚӘ қатарына қабылданған әскери атақтары болды)КСРО әскери-теңіз флоты2-дәрежелі флот флагманыӘӘК ӘТФ және жағалау қызметі2-дәрежелі командармБасшылық құрамдабарлық әскер түрлерінің әскери-саяси құрамында2-дәрежелі армия комиссарыбарлық әскер түрлерінің әскери-техника құрамындаАрминженерӘТФ әскери-техника құрамындаФлот инженер-флагманыбарлық әскер түрлерінің әскери-шаруашылық құрамында Арминтендантбарлық әскер түрлерінің әскери-медицина құрамында Армдәрігербарлық әскер түрлерінің әскери-ветеренар құрамындаАрммалдәрігер

1940 жылы наурызда К. Е. Ворошиловтың жобасы бойынша армәсзаңгер атағының орнына генерал-заңгер атағын енгізу топшаланды.

КСРО мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1943 жылғы 4 ақпандағы № 2822 «Қызыл Әскердің инженерлі-техникалық, заңгерлік және әкімшілік құрамна жеке әскери атақтарды енгізу туралы» қаулысымен Қызыл Әскердің заң қызметкерлеріне атағының атауынан кейін «әділет» деген сөз қосылып, жаңа жалпы әскери атақтар енгізілді (қазақшада «әділет» сөзі қызметкер атағы атауының алдында тұрады).

Айырым белгілері Айырым белгілері: төрт «ромб» және олардың алдында ілгектерде айқастырылған қылыштары бар алтын қалқан орналасты. Негізгі түстері: қою жасыл ілгектер мен қызыл көмкермелер; дегенмен, ілгектер аясы мен көмкермелер түсін әскер түрі бойынша анықтауға болды (мысалы, В. Ульрих) қара жиектері бар жалпыәскери ілгектер таңқурай түсті болып келді).

+Қызыл ӘскерӘскери-теңіз флотыілгектерЖеңдегі белгілер (галундар)гимнастерка, бешпентшешинелШинел, бушлат, ақ кителТужурка, көк кител 105px| 100px| <center>100px|

Атақты иелену Қолданыста болған кезінде армәсзаңгер атағы екі әскери қызметкерге берілді:

Тегі, аты, әкесінің аты Атақты иеленген уақыты Ескертпе Ульрих, Василий Васильевич (1889—1951) КСРО ОАК мен КСРО ХКК «ЖШҚӘ жоғарғы басшылық құрамның тұлғаларын әскери атақтарға бекіту туралы» қаулысымен әскери атақпен бекітілген. КСРО Жоғарғы Сотындағы Әскери алқаның төрағасы. 1943 жылы наурызда әділет генерал-полковнигі атағы берілді Розовский, Наум Савельевич (1898—1942)  КСРО Бас әскери прокуроры. 1941 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, лагерде қайтыс болды.

Дереккөздер

Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары Санат:Армәсзаңгерлер