Николай Владимирович Жұмақанов (1 ақпан 1984, Алматы) — қазақстандық дипломат және ІІ дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші. 2025 жылдан бастап қызметтегі Кипрдағы Төтенше және Өкілетті Елші. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Владимир Жұмақановтың баласы.
Өмірбаяны 1984 жылы 1 ақпанда Алматы қаласында Альбина мен Владимир Жұмақановтардың отбасында дүниеге келді.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаментінің референті, атташесі, үшінші және екінші хатшысы болып бастады.
2008 жылы Қазатомөнеркәсіп компаниясының менеджері болды.
2009 жылы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаментіне қайтып келіп онда 3 жыл екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кейін кеңесшісі болды.
2012—2017 жылдары Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші;
2017—2018 жылдары Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары;
2018—2024 жылдары Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры;
2024—2025 жылдары Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып еңбектенді.
2025 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Президентінің жарлығымен Кипрдағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.
Білімі 2005 жылы Қазақ ұлттық университетін Халықаралық құқық мамандығы бойынша тәмамдады.
Кейін Бельгиядағы Еуропалық халықаралық және стратегиялық зерттеулер орталығын халықаралық саясат магистрі дәрежесімен тәмамдады.
Марапаттары және атақтары ІІ дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның Кипрдағы елшілері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері