thumb|right|200px|"Прослогион" thumb|right|200px|Ансельм таңбасы Прослогион (, , мағынасы "беташар", "алғысөз", кітап «Дикурс» деп те аталады) —— ортағасырлық діни оқымысты Кентерберилік Ансельм (1033/4–1109 жж жасаған,) 1077 және 1078 жж аралығында жазған діни толғаныс кітабы (немесе медитациясы).

Бұл кітаптың маңызы сонда, ол ортағасырда Құдайдың барболуына философиялық тұрғыда онтологиялық аргументтер келтірген.

Әр тарауда Ансельм христиан теологиясындағы айқын қарама-қайшылықтарды шешуде Құдайды терістейтін атрибуттарды да көрсетеді. Бұл медитация Құдайдың барболуы туралы онтологиялық дәлел келтіретін алғашқы белгілі философиялық тұжырым болып саналады.

Бұл дискурс кітаптың бастапқы атауы «Түсінуді іздеген сенім» деп аталған.Logan, Ian. 2009. Reading Anselm’s Proslogion: The History of Anselm’s Arguments and its Significance Today. Burlington, VT: Ashgate Publishing. p. 85.

Онтологиялық аргументтер Прослогион Әулие Ансельмнің Құдайдың барболуы (existence of God) туралы танымал әрі аса қайшылықты онтологиялық дәлелдерінің басы болатынын белгіледі. Ансельмнің бірінші және ең әйгілі дәлелі II тараудың соңында, ал одан кейін оның екінші дәлелі келтірілген. Ансельмнің қос онтологиялық аргументтеріне қатысты пікірлер Прослогион алғаш оқылғаннан бастап әр түрлі болып келді.

Бірінші аргумент 1-тұжырым: Құдай - одан да ұлыны (greater) ойлағысыз болмыс. 2-тұжырым: Егер шындықта барболу (existence) санада барболудан ұлы болса, ойымызда ғана бар болатын (exis) қиялдағы болмыс "одан да ұлыны ойлағысыз болмыс" бола алмайды. Салыстырғысыз ұлы болмыс сөзсіз түрде шындықта да бар болуға тиіс, егер шындықта бар болмаса, жоққа тән. Қорытынды: Демек, одан да ұлыны ойлағысыз болмыс шындықта бар, біз оны Құдай деп атаймыз. Шындықта барболу тек санада ғана барболудан ұлы болғандықтан, одан да ұлыны ойлағысыз болмыс ойымызда бар болады, шындықта да бар болады.

Екінші аргумент "Құдай" дегеніміз "одан да ұлыны ойлағысыз болмыс". Құдай ұғымында қайшылық жоқ. Бар болмайды деп ойлауға болатын нәрсе (кездейсоқ болмыс, contingent being) жоқ деп ойлауға болмайтыннан (сөзсіз болмыс, necessary being) ұлы емес. Сондықтан, Құдайды жоқ болуы мүмкін (кездейсоқтық ретінде) деп ойлау ең ұлы болмыс туралы ойлау емес. Ең ұлы деп ойлайалынатын (conceivable) болмысты барболмайды (nonexistent) деп ойлау қайшылықты. Демек, Құдай бар.Moore, Scott H. "Proslogion." Scott Moore. Waco, TX: Bayler University. Archived 12 May 1997. Retrieved 21 May 2020. Кітаптың тараулары І тарау: Құдай туралы толғанысқа шақыру. II тарау: Құдайдың шынымен бар болуы III тарау: Құдайды жоқ деп ойлауға болмайтыны IV тарау: Ақымақтар өз жүректерінде ойланылмайтынды қалай айта алды V тарау: Құдайдың барболуы қалайда болмаудан жақсырақ, ол жалғыз әрі өзі арқылы бар болады, әрі барша өзге тіршілікті жоқтан жасайды VI тарау: Ол дене болмаса да, қалай бәрін біледі VII тарау: Ол ашық ештеңе істемесе де, қалай құдіретті VIII тарау: Ол қалай мейірімді, әрі қаһарлы IX тарау: Ол қалай әділ және өте әділ, Құдай зұлымдарды қалай аяйды және зұлымдарға әділетті мейірімділік танытады Х тарау: Ол зұлымдарды қалай әділ жазалайды және әділетті түрде олардың жанын құтқарады XI тарау: «Жаратқан Иенің барлық жолдары мейірімділік пен шындық» және «Иеміз өзінің барлық жолдарында әділ» XII тарау: Құдай өзі өмір сүретін өмірдің өзі және сол сияқты сипаттарға ие XIII тарау: Басқа рухтар да шексіз және мәңгілік болғанымен, жалғыз Ол шексіз және мәңгілік XIV тарау: Құдайды іздейтіндер үшін қалай және неге Құдай көріледі және көрілмейді XV тарау: Құдай қалайша ойлағаннан да ұлы XVI тарау: Қалай ол "қолжетімсіз жарықта" тұрады XVII тарау: Үйлесімділік, хош иіс, тәттілік, жұмсақтық және сұлулық дегендер айтып жеткізуге келмейтін деңгейде Құдайға тән XVIII тарау: Құдайда, немесе Оның мәңгілігінде бөлшектер жоқ 19-тарау: Ол жерде немесе уақытта емес, бірақ бәрі Оның ішінде ХХ тарау: Оның барлық мәңгілік нәрселерден бұрын және одан жоғары екендігі XXI тарау: "Дәуірдің дәуірі" ме, әлде "Дәуірлердің дәуірлері" ме ХХІІ тарау: Ол жалғыз және Ол кім XXIII тарау: Оның жақсылығы бірдей түрде Әке, Ұл және Киелі Рух үштіктің бірлігі, Ол тұтас және жалғыз, әрі ізгі, сөзсіз болмыс. XXIV тарау: Жақсылық қандай және қаншалықты ұлы екендігі туралы болжам 25-тарау: Бұл жақсылықтан шаттанушыларға қандай жақсылықтар уәде етілді, олар қандай XXVI тарау: Бұл Жаратқан Ие уәде еткен "толық шаттық"

Дереккөздер

Санат:Кітаптар Санат:Дін тарихы Санат:Ортағасыр әдебиеті Санат:Христиан философиясы