Төлегенов Мырзағали (1935, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы – 21 Қаңтар 1991, Қостанай облысы Арқалық қаласы) – техника ғылымының докторы (1987), профессор (1988).

Қысқаша өмірбаяны: 1958 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1958–1966 жылдары осы оқу орнында ассистент, аға оқытушы, доцент. 1966–1972 жылдары Ақтөбе педогогикалық институтында (қазіргі Ақтөбе мемлекеттік университеті) проректор. 1972–1986, 1987–1991 жылдары Арқалық педогогикалық институтының ректоры. 1986–1987 Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономикалық унмверситеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

«Орнықтылық теориясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер: