Абсент жылқысының ескерткіші – салт жүрудің жоғарғы мектебі бойынша Олимпиада ойындарының бір дүркін, КСРО-ның 7 дүркін чемпоины, (1952 ж, Жамбыл облысы) Луговое жылқы зауытында тәрбиеленген ақалтеке тұқымының қара тұсті айғырына орнатылған монументтік ескерткіш. Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Орналасқан жері Тұрар Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының солтүстігінде 600 м жерде, ат спорты манежінің алдындағы алаңда орналасқан.
Сипаты 2011 жылы Ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Пәрменқұл, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған. Жылқы мүсіні (тапталған мыс) 1976 жылы бетонды тұғырдың үстіне орнатылған. Авторы – Р.И. Тияров. Жылқының шын өлшемінен бір жарым есе үлкен болып келген ескерткіш аттың нәзік бейнедегі экспрессивті мүсіні түрінде берілген. Мүсіннің биіктігі – 2,7 м, тұғырынікі – 2,2 м. Абсент мүсінде жігерлі және анық аллюр жүрісімен бейнеленген. Тек спорт жылқыларына ғана тән аумақты мойыны иіліп берілген. Тұғырының бүйір жағына "Абсент – Рим Олимпиадалық ойындарының чемпионы" деген жазу бар гранит тақтасы орнатылған.С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Тұрар Рысқұлов ауданы. – Алматы, 2011. 268 б. ISBN 978-601-7253-10-3
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жамбыл облысы сәулеті Санат:Жамбыл облысы ескерткіштері