Қолқұдық — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы қыстау және жыра атауы. «Қол» сөзінің түркі тілдеріндегі бір мағынасы — өзеннің тармағы екенін ескерсек, жыра аты осымен байланысты. Ал құдыққа байланысты қолмен суаратын құдық мағынасында шаруашылықтан туған топоним деуге болады. Қолқұдық атауы екі сөздің бірігуі қол (зат есім) + құдық (зат есім) арқылы жасалған.
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы қыстаулары