Тізебүккен — Орталық Қазақстан, Жуантөбенің Бетпақдала жақ бөктеріндегі бұлақ. Бұл бұлаққа керуеншілер талығып жетіп, түйелердің бұйдасын тартып, тізесін бүктіреді. Тізе бүккен мал мен жан бұлақтан қанып ішіп, дамыл алады. Міне, осыдан бұлақ Тізебүккен аталған. Бұл аңызда атаудың мағынасы халық өмірі мен географиялық ортаның шындығына сай келіп тұр.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан бұлақтары