Пальма Футзал () — Испания елінің Пальма-де-Майорка қаласынан шыққан кәсіби футзал клубы. Команда Испанияның жоғары футзал лигасында (Primera División de Fútbol Sala) және халықаралық деңгейде Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Клуб 2023/24 және 2024/25 маусымдарындағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, Еуропаның үздік футзал ұжымдарының қатарына кірді.
Футзал тарихында УЕФА Чемпиондар лигасын үш мәрте қатарынан жеңген тұңғыш клуб. 2025 жылы финалда алматылық Қайратты жеңді. Команда сапында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы бразилиялық Тайнан ойнайды. Маусым соңында команда сапына Қайраттан Деннис өтті.
Тарих Пальма Футзал клубы 1998 жылдың 14 шілдесінде Балеар аралдарындағы Манакор қаласында «Associació Esportiva Manacor» атауымен құрылды. Оның алғашқы президенті Микель Жауме Роиг болды. Клуб 1998–99 маусымында ұлттық «Примера B» дивизионында дебют жасап, сол маусымның өзінде-ақ әрі лига чемпионы, әрі өз санатындағы Испания кубогының иегері атанды. Бір жылдан кейін манакорлық команда «Примера А» тобының жеңімпазы атанып, бар болғаны екі маусымда елдің екінші деңгейлі лигасы — Дивизион де Платаға жолдама алды.
Клубтың жаңа деңгейдегі алғашқы маусымы сәтті басталғанымен, Дивизион де Платаға бейімделу кезеңі ауыр өтті — бірнеше жыл қатарынан команда төменгі орындармен шектелді. 2005–06 маусымынан бастап жағдай жақсара бастады: клуб халықаралық деңгейде танылған бұрынғы ойыншы әрі жаттықтырушы Хосе Лукас Мена («Пато») бас бапкер болып тағайындалды. Бюджет ұлғайып, жас таланттар мен тәжірибелі ойыншылар шақырылды. Команданың кәсібиленуі нәтижесінде нәтиже жақсарып, «AE Manacor» жоғарғы лигаға үміткерлердің біріне айналды.
2006–07 маусымында «Манакор» өз тобының екінші орнын иеленіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды, бірақ онда «Лейс Понтеведра» клубына жол берді. Келесі маусымда команда тұрақты кезеңді бірінші орында аяқтап, тарихында алғаш рет Дивизион де Онорға (қазіргі 1-дивизион) көтерілді. Алайда жоғарғы лигада бір-ақ маусым ойнап, 2008–09 жылы соңғы орынға түсіп қалды.
Соған қарамастан, клуб келесі маусымда-ақ қайтадан Дивизион де Платада өз тобында бірінші орын алып, жоғары лигаға оралды. Чемпион атағын жеңіп ала алмағанымен (финалда «Группа де Эмпресас Талавераға» есе жіберді), кейінгі кезеңдерде «UPV Maristas» пен «Puertollano Restaurante Dacho» клубтарын жеңіп шықты.
Қазіргі таңда команда өз ойындарын Пальма-де-Майорка қаласындағы «Palau Municipal d’Esports Son Moix» аренасында өткізеді. 2011–12 маусымында клуб 10-орында аяқтап, плей-офф кезеңіне небәрі алты ұпай жетпеді.
2014 жылдың шілдесінде команда Манакордан Пальма-де-Майоркаға көшірілді, бірақ жастар академиясы мен төменгі құрамалар Манакорда қалды.
2021–22 маусымында клуб Испания чемпионатының күміс жүлдегері атанып, тарихында алғаш рет УЕФА футзал Чемпиондар лигасына жолдама алды.
2022–23 маусымы «Пальма» үшін тарихи жыл болды — команда алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда португалиялық «Спортинг Лиссабон» клубын пенальти сериясында жеңіп шықты. Сонымен қатар Бразилияда өткен Интерконтинентал кубогында да жеңіске жетті, финалда «Каскавел» клубын ұтты.
2023–24 маусымында клуб өз жетістігін қайталады — екінші жыл қатарынан УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда «Барселонаны» 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, қатарынан екінші рет еуропалық кубокты иеленді. Сол жылы Пальмада өткен Интерконтинентал кубогының финалында бразилиялық «Магнус Футзал» клубын 4:1 есебімен ұтып, бұл трофейді де қайта жеңіп алды.
2024–25 маусымында, «Illes Balears Palma Futsal» деген жаңа ресми атаумен өнер көрсеткен команда, қатарынан үшінші рет УЕФА футзал Чемпиондар лигасының чемпионы атанды. Финалда қазақстандық «Қайрат Алматы» клубын 9:4 есебімен жеңіп шықты. Бұл финалда бразилиялық Негиньо ең үздік ойыншы (MVP) атанса, Фабиньо төрт гол соқты.
Арена Клуб өз үй матчтарын Пальма қаласындағы Palau Municipal d’Esports de Son Moix спорт кешенінде өткізеді. Арена шамамен 4 000 жанкүйерге арналған және Испаниядағы футзал матчтарына арналған ең заманауи алаңдардың бірі болып есептеледі.
Белгілі ойыншылары
Фабиньо Марио Ривильос Хесус Гордильо Луан Мюллер Гильерме Лоран Пальма Футзал клубының негізгі жетістіктеріМаусымИспания чемпионатыИспания кубогыУЕФА Чемпиондар лигасыСуперкубокИспания Король кубогыIntercontinental Cup2021——————2022Вице-чемпион—Финалист———2023——Чемпион——Чемпион2024Чемпион2-орынЧемпион——Чемпион2025Вице-чемпион2-орынЧемпион2-орын——2026——————
Құрамы (2024/25 маусымы) №Аты-жөніҰлтыПозиция4ФабиньоАлаң ойыншысы7Хесус ГордильоАлаң ойыншысы9Марио РивильосАлаң ойыншысы10Кайо РуисАлаң ойыншысы12Карлос БарбосаҚақпашы14ТомасАлаң ойыншысы15Луан МюллерҚақпашы17Гильерме ЛоранАлаң ойыншысы
Бас жаттықтырушылар Антонио Вадильо (2013 жылдан бері)
Дереккөздер
Санат:Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы Санат:Футзалдан Испания чемпионаты