Бұзық асар қалашығы (б.д.д. III- б.д. III ғғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.

Зерттелуі мен сипаты Теңіз деңгейінен биіктігі – 93 м. Ескерткішті өткен ғасырдың 40-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашып, зерттеген, 70-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтады және суретке түсірді. Тікбұрышты, аумағының өлшемдері – 9,3 га болатын қалашық атыс ойықтары мен сопақ пішінді мұнаралары (қорғаныс дәлізі жоқ) бар пахса блоктарынан тұрғызылған бекініс қабырғасымен қоршалған. Бекініс қабырғаларының ішінде, оңтүстігіндегі кішігірім үйді санамағанда, ешқандай құрылыс орны жоқ.Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері