Мақалада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен олардың басшылары көрсетілген.
Президент Әкімшілігінің негізін 1990 жылдан бастап оның бөлімдері құрайды. 2026 жылы Президент Әкімшілігінде 14 бөлім болды.
Одан бөлек Президент Әкімшілігінің құрамына жеке бөлім ретінде Президенттің кеңсесі, баспасөз қызметі, протокол қызметі, Құрылтайдағы өкілдігі, сондай-ақ Вице-президент пен Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығы кіреді.
Президент Әкімшілігінің бөлімдері мен орталықтары Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі 2004 жылы Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімі болып құрылып, 2005 жылға дейін Президент кеңсесінің құрамында болды. 2008 жылдың басында қысқартылды. 2008 жылы қайта құрылып, 2024 жылға дейін Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі деп аталды. Мұратхан Жуат (2004—2008) Ғани Тілеубеков (2008—2023) Ержан Сейітқұлов (2023–2026) Нұрболат Мағзұмов (2026 бастап)
Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі 1998 жылы Әлеуметтік-экономикалық реформалар бөлімі болып құрылды. 1999—2008 жылдары Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі, 2008—2023 жылдары Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі деп аталды. 2004—2005 жылдары Экономикалық саясат басқармасының құрамында болды.Они окружают президентов. Часть 1. Экономисты (начало) Қайрат Келімбетов (1998) Ескендір Бейсембетов (2000—2002) Батырхан Исаев (2002) Марлен Ысқақов (2002—2003) Мақсат Мұханов (2003—2005) Ербол Орынбаев (2005—2006) Мақсат Мұханов (2006) Анар Мешімбаева (2006—2007) Еділ Мамытбеков (2007—2008) Қуандық Бишімбаев (2008—2009) Серік Нөгербеков (2009—2012) Дәулет Ерғожин (2012—2014) Данияр Ақышев (2014—2015) Ерұлан Жамаубаев (2015—2018) Мақсат Мұханов (2018—2020) Мәди Такиев (2020—2023) Айдын Құлсейітов (2023—2025) Рақымжан Ерназар (2025 бастап)
Жалпы бөлім 1990 жылы құрылып, 2002 жылы қысқартылды. 2004 жылы қайта құрылып, 2005 жылға дейін Президент кеңсесінің құрамында болды. 2008 жылы бірнеше ай Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі деп аталды. Махмұд Қасымбеков (1990—1996) Мірболат Жақыпов (1996—2002, 2004—2018) Бақытжан Темірболат (2018—2019) Нұрдәулет Төлеев (2019—2025) Ербол Адаев (2025–2026) Ринат Мұхаметқали (2026 бастап)
Инвестициялар және сауда бөлімі 2025 жылы құрылды.Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент әкімшілігіне қызметке тағайындалды Нұрлан Байбазаров (2025—2026) Мейіржан Байғонысов (2026 бастап)
Коммуникациялар бөлімі 2023 жылы құрылды.Әлденей ҚР Президенті Әкімшілігіне қызметке барды Арман Қырықбаев (2024—2025) Қанат Құлшыманов (2025–2026) Евгений Кочетов (2026 бастап)
Көлік-логистика саласын дамыту бөлімі 2025 жылы құрылды.Көлік-логистика бөлімінің басшысы тағайындалды Азамат Кескінбаев (2025 бастап)
Мемлекеттік бақылау бөлімі 1991 жылы құрылды. 1991—1993 жылдары Ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімі, 1993—1994 жылдары Ұйымдастыру жұмысы және жергілікті әкімшіліктер бөлімі, 1994—1995 жылдары Президенттің аймақтардағы өкілдерінің тобы, 1995 жылы Ұйымдастыру-бақылау басқармасы, 2002—2004 жылдары Аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі, 1995—2002 және 2004—2005 жылдары Ұйымдастыру-бақылау бөлімі, 2005—2008 жылдары Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі, 2008 жылы Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі, 2008—2023 жылдары Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі деп аталды. 2004—2005 жылдары Ұйымдастыру-бақылау жұмысы мен кадр саясаты басқармасының құрамында болды.Из истории президентской администрации Оралбай Әбдікәрімов (1991—1996) Үсен Жетенов (1996) Әлихан Бәйменов (1996—1997) Иманғали Тасмағамбетов (1997—1998) Оралбай Әбдікәрімов (м.а., 1998—1999) Зауытбек Тұрысбеков (1999—2000) Әмзебек Жолшыбеков (2000—2002) Орал Мұхамеджанов (2002—2004) Владимир Коломийцев (2004—2005) Нұрлан Ысқақов (2005—2006) Дархан Кәлетаев (2006—2007) Серікжан Қанаев (2007—2011) Әмірхан Рақымжанов (2012—2014) Оңдасын Оразалин (2014—2017) Мақсат Мұханов (2017—2018) Нұрлан Сауранбаев (2019—2021) Қанатбек Жайсанбаев (2021—2022) Ғабидолла Оспанқұлов (2022—2023) Бақытжан Сапиев (2023—2025) Әлихан Жамсатов (2025 бастап)
Мемлекеттік құқық бөлімі 1990 жылы құрылды. 1992—1994 жылдары Заңнама бөлімі, 1994—1995 жылдары Заңнамалық бастамалар және құқықтық сараптау бөлімі, 1995—1996 және 2004—2008 жылдары Заңнама және құқықтық сараптау бөлімі, 1996—1999 жылдары Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімі деп аталды.Они окружают президентов. Часть 2. Силовики и юристы (начало) 2004—2005 жылдары Мемлекеттік құқық басқармасының құрамында болды. Қайырбек Сүлейменов (1990—1991) Юрий Обрядин (1991—1992) Сергей Тихонов (1992—1994) Бауыржан Мұхаметжанов (1994—1997) Талғат Донақов (1997—1999) Қайрат Мәми (1999—2000) Бауыржан Мұхаметжанов (2000—2002) Игорь Рогов (2002—2004) Талғат Донақов (2004—2008) Инна Ахметова (2008—2013) Әлия Рақышева (2013—2018) Данияр Вагапов (2018—2020) Қайрат Жақыпбаев (2020—2022) Айдар Жарылғанов (2023—2026) Азамат Есқараев (2026 бастап)
Мемлекеттік қызмет бөлімі 1990 жылы құрылып, 1994 жылға дейін Кадр бөлімі, 1995 жылға дейін Кадр саясаты бөлімі деп аталды. 1999—2004 жылдары Кадр жұмысы бөлімі, 2004—2008 жылдары Кадр саясаты бөлімі деп аталып, 2008 жылдың басында қысқартылды. 2004—2005 жылдары Ұйымдастыру-бақылау жұмысы мен кадр саясаты басқармасының құрамында болды. 2008 жылы қайта құрылып, 1995—1999 және 2008—2023 жылдары Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі деп аталды. Геннадий Пирожников (1990—1996) Александр Судьин (1996—2004) Ерсұлтан Бектұрғанов (2004—2008) Жомарт Әбиесов (2008) Ерсұлтан Бектұрғанов (2008—2012) Марат Дәуешов (2012—2019) Бақытжан Сариев (2019—2022) Руслан Тұрғаналы (2022 бастап)
Өңірлік даму мониторингі бөлімі 2025 жылы құрылды.Рустам Баялиев жаңа қызметке тағайындалды Рустам Баялиев (2025)
Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі 2019 жылы құрылды.Халық үніне құлақ асады Аида Балаева (2019—2020) Тамара Дүйсенова (2020—2022) Ернар Баспаев (2022) Қанатбек Жайсанбаев (2022—2026) Бақыт Есімова (2026 бастап)
Сыртқы саясат бөлімі 1992 жылы Халықаралық бөлім болып құрылып, 1995 жылы қысқартылды.Они окружают президентов. Часть 3. Международники 2004 жылы Сыртқы саясат орталығы болып қайта құрылды. 2019 жылы Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі, 2023 жылы Сыртқы саясат бөлімі болып өзгертілді. Ғани Қасымов (1992—1994) Константин Жигалов (1994—1995) Нұрлан Ермекбаев (2004—2007) Мағжан Ілиясов (2007—2012) Ержан Ашықбаев (2012—2013) Мағжан Ілиясов (2013—2016) Әділ Тұрсынов (2016—2019) Сатыбалды Бұршақов (2019) Дәулетбек Құсайынов (2019—2023) Ернар Лазар (2023—2025) Жандос Иманалиев (2025 бастап)
Цифрландыруды дамыту бөлімі 2024 жылы құрылды.Қуат Сандалов Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болып тағайындалды Қуат Сандалов (2024 бастап)
Ішкі саясат бөлімі 1992 жылы құрылды. 1994—1995, 1999—2002 жылдары Қоғамдық-саяси бөлім, 2004—2008 жылдары Әлеуметтік-саяси бөлім деп аталды. 2004—2005 жылдары Ішкі саясат басқармасының құрамында болды.Министерство любви и правды Алтынбек Сәрсенбайұлы (1992—1993) Марат Тәжин (1993) Әділ Ибраев (1993—1994) Роза Кенжетаева (1994—1995) Гүлша Тәңірбергенова (1995—1996) Ахан Бижанов (1996—2000) Ермұхамет Ертісбаев (2000—2002) Бақытжан Жұмағұлов (2002) Біржан Қанешев (2002—2003) Дархан Кәлетаев (2003—2006) Ардақ Досжан (2006—2008) Ерлан Қарин (2008) Дархан Мыңбай (2008—2012) Жапсарбай Қуанышев (2012—2014) Аида Балаева (2014—2019) Ғани Нығыметов (2019—2020) Нұргүл Мауберлинова (2020—2022) Болат Тілепов (2022—2023) Айжан Шайназарова (2023—2025) Абзал Нүкенов (2025) Айбек Смадияров (2025—2026) Елнұр Бейсенбаев (2026 бастап)
Бұрынғы бөлімдері мен орталықтары Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімі 2019 жылы құрылып, 2023 жылы қысқартылды. Алмат Байшолақов (2019—2021) Алексей Калайчиди (2021—2023)
Мемлекеттік басқару бөлімі 2019 жылы құрылып, 2023 жылы қысқартылды. Әлтайыр Ахметов (2019—2023)
Стратегиялық жоспарлау бөлімі 2008 жылы құрылып, 2019 жылға дейін Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы деп аталды. 2023 жылы қысқартылды. Мақсат Мұханов (2008—2011) Эльдар Сыздықов (2011—2012) Азамат Әбдімомынов (2012—2014) Аяна Манасова (2014—2017) Айдын Құлсейітов (2017—2023) Рақымжан Ерназар (2023)
Талдау және болжау орталығы 1993 жылы Ақпараттық-талдау орталығы болып құрылды. 1995 жылы Талдау және стратегиялық зерттеу орталығы болып өзгертіліп, 1999 жылы қысқартылды. 2004 жылы Ақпараттық-талдау орталығы қайта құрылып, 2008 жылы қысқартылды. 2004—2005 жылдары Ішкі саясат басқармасының құрамында болды. 2018 жылы Талдау және болжау орталығы болып қайта құрылып, 2019 жылы қысқартылды.Создан Центр анализа и прогнозирования Администрации Президента Марат Тәжин (1993—1999) Жанай Омаров (2004) Ержан Бабақұмаров (2004—2006) Ерлан Байжанов (2006—2007) Асқар Шоманов (2007—2008) Ержан Бабақұмаров (2018—2019)
Қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі 1990 жылы Іс басқармасы болып құрылды. 1995—1996 жылдары Қаржылық-шаруашылық бөлім, 1996—2004 жылдары Бухгалтерия деп аталды. 2004 жылы Қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі деп өзгертіліп, 2005 жылға дейін Президент кеңсесінің құрамында болды. 2008 жылы қысқартылды. Владимир Ни (1990—1992) Сайлаубек Әлібеков (1992—1993) Хайролла Қабжанов (1993—1996) Қадырбай Нұрпейісов (1996—2008)
Жүйелі зерттеулер орталығы 2002 жылы құрылып, 2006 жылы қысқартылды. 2004—2005 жылдары Экономикалық саясат басқармасының құрамында болды. Азамат Әбдімомынов (2002—2005) Анар Мешімбаева (2005—2006)
Қоғамдастықпен және баспасөзбен байланыс бөлімі 2004 жылы Ішкі саясат басқармасының құрамында құрылып, 2005 жылы қысқартылды. Есетжан Қосубаев (2004) Жанай Омаров (2004) Серік Сейдуманов (2004—2005)
Сот жүйесі мәселелері бөлімі 2004 жылы Мемлекеттік құқық басқармасының құрамында құрылып, 2005 жылы қысқартылды. Мұхамеджан Пакирдинов (2004)
Конфессияаралық қатынастар бөлімі 2003 жылы құрылып, 2004 жылы қысқартылды.Из истории АП. Часть 2 Алексей Кекшаев (2003) Рәпіл Жошыбаев (2003—2004)
Қазақстан халықтары ассамблеясымен жұмыс бөлімі 2002 жылы бірнеше ай ғана жұмыс істеді. Жұматай Әлиев (2002)
Азаматтық және кешірім жасау мәселелері бөлімі 1990 жылы құрылып, 1995 жылы қысқартылды. 1996 жылы қайта құрылып, 1999 жылы қысқартылды. Михаил Бабушкин (1990—?) Николай Белоруков (1996—1999)
Наградалар бөлімі 1990 жылы құрылды. Әр жылдары Мемлекеттік наградалар бөлімі, Наградалар бөлімі деп аталды. 1996 жылы қысқартылды. Геннадий Бердюгин (1990—1994) Зинаида Федотова (1995—1996) Сыздық Әбішев (1996)
Азаматтық бөлімі 1995 жылы құрылып, 1996 жылы қысқартылды. Айткүл Самақова (1996)
Кешірім жасау бөлімі 1995 жылы құрылып, 1996 жылы қысқартылды.
Қорғаныс бөлімі 1992 жылы құрылып, 1994 жылы қысқартылды. Ким Серікбаев (1992—1993) Нұрлан Тілемісов (1993—1994)
Саяси талдау бөлімі 1992 жылы құрылып, 1993 жылы қысқартылды. Төлеген Жүкеев (1992—1993)
Мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімі 1990 жылы референтура ретінде құрылып, 1991 жылы қысқартылды. 1992 жылы бөлім ретінде қайта құрылып, сол жылы қысқартылды. Әбіш Кекілбайұлы (1990—1991) Алтынбек Сәрсенбайұлы (1992)
Президент Әкімшілігінің басқармалары 2004 жылы 4 басқарма құрылып, 2005 жылы барлығы қысқартылды. Әр басқарманы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары басқарып, құрамына бірнеше бөлімді жинақтады.
Басқарма Бастығы Басқарған уақыты Құрылымы Мемлекеттік құқық басқармасы Игорь Рогов 2004 Заңнама және құқықтық сараптау бөлімі Құқық қорғау қызметі бөлімі Сот жүйесі мәселелері бөлімі Бауыржан Мұхаметжанов 2004—2005 Ұйымдастыру-бақылау жұмысы мен кадр саясаты басқармасы Бауыржан Мұхаметжанов 2004 Ұйымдастыру-бақылау бөлімі Кадр саясаты бөлімі Мемлекеттік инспекциясы Нұрлан Нығматулин 2004—2005 Ішкі саясат басқармасы Марат Тәжин 2004—2005 Әлеуметтік-саяси бөлімі Ақпараттық-талдау орталығы Ахуалдық орталығы Қоғамдастықпен және баспасөзбен байланыс бөлімі