Виктор Яковлевич Панин (20.10. 1929 жылы туған, Ресей, Красноярск өлкесі, Тасеево ауданы – 22.10.2005, Алматы қ.) – биология ғылымының докторы (1971). 1953 ҚазМУ-ды ( қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1953 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институтында кіші, аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылым еңбектері гельминттер морфологиясына, биологиясы мен эволоюциясына арналған. Панин гельминттердің ғылымға беймәлім 1 отряд тармағын, 10 түрін тауып, оларға сипаттама берген. "Қазақ Энциклопедиясы". Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Виктор Яковлевич Панин · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.