«Ең сүйікті қарындас» — балалар әдебиетінің жазушысы Астрид Линдгрен жазған хикаят.

Ол 1949 жылы Vi журналы ішінде, сондай-ақ автордың ертегілер жинағы құрамында жарияланды. Жеке кітап ретінде 1973 жылы басылып шықты, оған суреттерді Ханс Арнольд салды.

Кітапта жетідегі Барбро есімді қыз туралы баяндалады. Оның Илва деген құпиялы егіз бауыры бар. Ол Барброны бар дүниеден де жақсы көреді және оған өз патшалығына тылсым кіреберісті көрсетеді.

1950 жылы ертегілер жинағы үшін Астрид Линдгренге Нильс Хольгерссонның құрмет белгісі табысталды.

1988 жылы хикаят негізінде қысқаметражды фильм шықты.

Дереккөздер

Санат:Астрид Линдгрен шығармалары Санат:Балалар әдебиеті