Аустрия-Словения қатынастары — Аустрия мен Словения арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның ұзындығы 299 км.

Тарихы 1991 жылы Словения Югославиядан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Аустрия мен Словения арасындағы қатынастар орнықты сипатқа ие, сондай-ақ мәдениет, сауда, спорт, көлік және саяси ынтымақтастық салаларында көптеген екіжақты келісімдер жасалған.Ferrero-Waldner: "Austro-Slovenian relations have never been as good as today" – BMEIA, Außenministerium ÖsterreichGOVERNMENT SESSION: Slovenia's Relations with Croatia and Austria | Government of the Republic of Slovenia

2015 жылы Аустрияның ішкі істер министрі Йоханна Микль-Ляйтнер босқындар ағымын шектеу мақсатымен Словения шекарасындағы өткізу пункттерін күшейту жоспарын ұсынды. 2015 жылдың қазанында австриялық шенеуніктер шекарада орнатылып жатқан қоршаулардың мақсаты — ретсіздікті тоқтату және босқындардың елге өтуін тәртіпке келтіру екенін мәлімдеді. 2016 жылдың қаңтарында Аустрия Словениямен шекарадағы күшейту жұмыстарын аяқтады, ал бақылау-өткізу пункттері босқындарды ел аумағына кіргізер алдында мұқият тексеретін болды.

Сауда Аустрия Словенияның ең маңызды сауда серіктестерінің бірі болып табылады және төртінші орын алады. 2001 жылы Словенияның Аустрияға экспорты 692,6 млн АҚШ долларын (Словения экспортының 7,4 %-ы) құрады, ал Аустриядан Словенияға импорт 843,9 млн АҚШ долларына жетті (импорттың 8,3 %-ы). Аустрия Словения экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестор саналады: 2000 жылы банктік секторға, қағаз және химия өнеркәсібіне салынған аустриялық инвестициялар 1,28 млрд АҚШ долларын құрап, елдегі барлық шетелдік инвестициялардың 45,5 %-ын қамтамасыз етті.

Дереккөздер

Санат:Аустрия екіжақты қатынастары Санат:Словения екіжақты қатынастары