Бабажан Ғафурұлы Ғафуров (, Хожант уезі, Ресей империясы – 12 шілде 1977 жыл, Душанбе, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері, тарихшы-шығыстанушы, Тәжікстан Коммунистік партиясы ОК Бірінші хатшысы (1946–1956), КСРО ҒА Шығыстану институтының директоры (1956–1977), тарих ғылымдарының докторы (1949), Тәжік КСР ҒА академигі (1951), КСРО ҒА академигі (1968), Тәжікстан батыры (1997).
Өмірбаяны Рәзия Азат есімді ақынның ұлы болған Ғафуров Ресей империясының Хожант уезіндегі Исфисор ауылында туған.
«Исмаилия тарихы» жайлы диссертациясы арқылы Ғафуров 1941 жылы КСРО Ғылым Академиясының Тарих институтында тарих ғылымдарының докторы атанды. Оның «Тәжіктер» () кітабы Тәжікстанда қазірдің өзінде де аса ықпалды. Өзбек ұлтшылдары айтатын «тәжіктер — тілін ұмытқан өзбектер ғана» түсініктің орнына Ғафуров кітабында өзбектер — түркіленген тәжіктер деген тұжырым жасайды.
Ғафуров Тәжікстан Коммунистік партиясының 1944 жылдан 1946 жылға дейін екінші, 1946 жылғы тамыздан 1956 жылғы 24 мамырға дейін бірінші хатшысы болды. 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Ғафуров КСРО ҒА Шығыстану институтының директоры, әрі «Азия мен Африка журналының» редакторы болды.
Тәжікстанның Соғды облысындағы Ғафуров елді мекені мен Ғафуров ауданы Ғафуров құрметіне аталған болатын.
Марапаттары және атақтары Тәжікстан батыры (1997, өлгеннен кейін берілді) 6 Ленин ордені (соның ішінде 3 қаңтар 1944; 29 желтоқсан 1946; 21 ақпан 1948; 23 қазан 1954 күндері) Қазан төңкерісі ордені Еңбек Қызыл Туы ордені. медальдар.«Известия», 1977-07-14, 3-бет
Галерея
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресей Ғылым академиясының Азия мұражайы сайтындағы Бобожан Ғафуров ЦентрАзия сайтындағы Бобожан Ғафуров Ираника энциклопедиясы сайтындағы Бобожан Ғафуров
Санат:Лучоб зиратында (Душанбе) жерленгендер Санат:КОКП мүшелері Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Тәжікстан компартиясы ОК бірінші хатшылары Санат:КСРО шығыстанушылары Санат:КСРО тарихшылары Санат:КСРО журналистері Санат:Тәжік КСР ҒА академиктері Санат:Одақ Кеңесі 2-шақырылымының депутаттары Санат:Одақ Кеңесі 3-шақырылымының депутаттары Санат:Одақ Кеңесі 4-шақырылымының депутаттары Санат:Грузин КСР округтерінен Одақ Кеңесі депутаттары Санат:Ұлттар Кеңесі 5-шақырылымының депутаттары Санат:Ұлттар Кеңесі 7-шақырылымының депутаттары Санат:Грузин КСР округтерінен Ұлттар Кеңесі депутаттары Санат:Тәжікстан компартиясы ОК екінші хатшылары Санат:Тәжікстан К(б)П Сталинабад облыстық комитеті бірінші хатшылары Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:Тәжікстан банкноттарында бейнеленген тұлғалар