Томайкөл – Сырдарияның сол жағасындағы Жуанқұм жазығындағы көл.

Географиялық орны Қызылорда облысы Қазалы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы, сипаты Ұзындығы 7,5 км, ені 1,0 км, терең жері 3,5 м, ауданы 2,6 км2. Көл бірімен-бірі тіркес үш бөліктен тұрады. Жағалауы жазық, кей телімдерде құм шоқаттар кездеседі, шығанақтармен тілімделген. Көлдің деңгейі құбылмалы. Көктемде Сырдария тасығанда көтеріледі, жаз ортасында көлдің деңгейі төмендеп, жағадан алыстайды. Су басқан жағалауы шабындық. Суы ашқылтым (2,4 г/л).Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазалы ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы