Лайонел Уолтер Ротшильд, 2-барон Ротшильд (; 8 ақпан 1868 – 27 тамыз 1937) — Ротшильдтер әулетінің өкілі, британдық банкир, қаржыгер, саясаткер, зоолог және лепидоптерист.«Balfour Declaration: The divisive legacy of 67 words» , BBC, 2.11.2017.

Өмірбаяны right|thumb|280px|Жұртшылықты таңғалдырып, Ротшильд Пикадилли көшесімен Букингем сарайына дейін зебра жегілген күймемен жүрген. Натан Ротшильд, 1-барон Ротшильдтің ұлы әрі мұрагері.

Балалық шағында жәндіктерді аулап, жинаумен айналысқан, ерекше түрде көбелектерге басымдық берген. Сегіз жасында өзінің жеке жаратылыстану тарихы мұражайын құрып, көмекші ретінде тәжірибелі таксидермисті жалдаған.

Кембридж бен Боннда зоологияны оқыған. 1889–1908 жылдары Лондонда Ротшильдтердің отбасылық банктік бизнесінде — «Rothschild & Sons» компаниясында жұмыс істеді. 1917 жылдан бастап банктік істердегі серіктестері оның немере ағалары Лайонел Натан мен Энтони Густав болды.

1915 жылы барон Ротшильдтің пэрлік титулын мұрагерлікпен иеленді.

Ешқашан үйленбеген, алайда екі әйелмен романтикалық қатынаста болған, олардың біреуі одан қыз туған.

Оның заңды балалары болмады. Өзінен кіші інісі Чарльз Ротшильд (Charles Rothschild, 1877–1923) одан бұрын қайтыс болды, ал бүкіл мұра жиені Виктор Ротшильдке (Victor Rothschild, 1910–1990) өтті. Чарльз қайтыс болғаннан кейін ол 15 жастағы жиені Мириам Луиза Ротшильдті тәрбиелеумен айналысты; кейін ол атақты биолог, академик, Патшалық қоғамның мүшесі болды.

1937 жылы Хартфордширде, 69 жасында қайтыс болды.

Саяси қызметі Уолтер Ротшильд либералдық бағытты (Liberal-Unionists) ұстанған белсенді саясаткер болды. Ол 1899 жылдан 1910 жылға дейін Эйлсбери қаласынан парламент мүшесі қызметін атқарды.Lionel Walter (Walter) Rothschild (1868-1937). rothschildarchive.org

Ол Палестинада еврей ұлттық мемлекетін құру туралы декларация жобасын әзірлеуге белсенді қатысты. Британ сионистерінің жетекшісі ретінде лорд Ротшильдке 1917 жылғы Бальфур декларациясы жолданды. Бұл декларацияда Ұлыбритания үкіметі «Палестинада еврей халқы үшін ұлттық ошақ құруға» келісетінін мәлімдеді.Lionel Walter Rothschild, 2nd Baron Rothschild . britannica.comLionel Walter Rothschild. Zionist, naturalist, philanthropist. 1868 - 1937 . balfour100.com

Зоолог ретіндегі қызметі thumb|250px|right|Уолтер Ротшильд өз поместьесінде алып тасбақаның үстінде. Уолтер Ротшильд өз иелігіндегі Трингтегі () әулеттік поместьесінде көптеген экзотикалық жануарларды, соның ішінде құстарды ұстады. Оның қаржыландыруымен ұйымдастырылған экспедициялар ғылымға бұрын белгісіз шамамен 5 000 түрді ашты. Ол кәсіби зоологтарды, энтомологтарды және коллекционерлерді жалдады: әуелде ер адамдарды, кейіннен тропикалық елдерде саяхаттау мен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар әйелдерді де жұмысқа тартты. Солардың қатарында Папуа – Жаңа Гвинея мен Соломон аралдарына саяхат жасаған австралиялық Э.С. Мик болды. Мик Ротшильдке жәндіктердің жаңа түрлерін жіберіп отырды, олардың ішінде әлемдегі ең ірі күндізгі көбелек — Александра ханшайымның орнитоптерасы да бар.

Басында екі емес, бес мүйізі бар жирафтың бір тармағын алғаш сипаттаған. Кейін бұл тармақ оның құрметіне Giraffa camelopardalis rothschildi деп аталды. Сонымен қатар оның құрметіне 153 жәндік түрі, 58 құс түрі, 17 сүтқоректі түрі, 3 балық түрі, 3 өрмекші түрі, 2 жорғалаушы түрі, бір көпаяқ түрі және бір құрт түрі аталған.

Өзінің зоологиялық коллекциясын сақтау және көпшілікке көрсету мақсатында Уолтер Ротшильд Хертфордшир графтығындағы Трингтегі жеке иелігінде Трингтегі жаратылыстану мұражайын құрды. Мұражай 1892 жылы жұртшылық үшін ашылды. Мұнда шамамен 2 миллион 250 мың көбелек үлгісі, 300 мың тұлып және тірі құс, 200 мың құс жұмыртқасы, сондай-ақ 100-ден астам тірі алып піл тасбақасы жинақталған. Қазіргі кезде бұл мұражай Лондондағы Жаратылыстану мұражайының құрамына кіреді.

Әдебиеттер Miriam Louisa Rothschild. Dear Lord Rothschild. — Hutchinson, 1983. — ISBN 0-09-153740-1

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания энтомологтары Санат:XIX ғасыр энтомологтары Санат:XX ғасыр энтомологтары Санат:XIX ғасыр орнитологтары Санат:XX ғасыр орнитологтары Санат:Ұлыбритания саясаткерлері Санат:XIX ғасыр саясаткерлері Санат:XX ғасыр саясаткерлері Санат:Ұлыбритания финансистері Санат:XIX ғасыр финансистері Санат:XX ғасыр финансистері Санат:Зоологиялық таксондар авторлары Санат:Ротшильд барондары (1885)