Испания ұлттық футзал құрамасы — халықаралық футзал жарыстарында Испанияның намысын қорғайтын ұлттық команда. Бақылаушы органы — Испания корольдік футбол федерациясы. Испания футзал тарихындағы ең табысты құрамалардың бірі саналады. 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы жағдай бойынша ФИФА әлемдік рейтингінде 3-орында тұр.

Құрама екі дүркін әлем чемпионы (2000, 2004) және жеті дүркін Еуропа чемпионы атанған. Испания — Еуропа чемпионатында соғылған голдар саны бойынша рекорд иегері (2010 және 2016 жылдары 27 гол).

Испания құрамасы құрлықтағы тарихи тұрғыдан басымдыққа ие және еуропалық командалардың ішінде әлем чемпионатында ең көп жеңіске жеткен (2000 және 2004 жылдары). Олар футзалдан өткен барлық 13 Еуропа чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, 10 рет финалда ойнаған және 7 рет чемпион атанған.

Еуро-2026 турнирінің топтық кезеңінде Бельгия қақпасына 10 гол соғып, финалдық турнирлер тарихында бір матчта он доп соққан алғашқы команда атанды.

Тарихы

Әйгілі ойыншылар

Кике (Kike) – Испания футзалының символы, екі дүркін әлем чемпионы. Хави Родригес (Javi Rodríguez) – 2000 және 2004 жылғы әлем чемпионаттарының финалдарында шешуші голдарды соққан аңыз. Ортис (Ortiz) – Құрама сапында ең көп ойын өткізген рекордшы және көпжылдық капитан.

ФИФА әлем чемпионаты ФИФА футзалдан әлем чемпионатындағы көрсеткіштері Жыл Кезең Орыны Ойындар Жеңіс Тең Жеңіліс СГ ЖГ 1989 Топтық кезең 9-шы 3 2 0 1 14 9 1992 Үшінші орын 3-ші 8 5 1 2 42 35 1996 Финалист 2-ші 8 7 0 1 34 12 2000 Чемпион 1-ші 8 8 0 0 41 8 2004 Чемпион 1-ші 8 6 1 1 30 7 2008 Финалист 2-ші 9 7 2 0 29 11 2012 Финалист 2-ші 7 5 1 1 31 13 2016 Ширек финал 5-ші 5 4 0 1 20 14 2021 Ширек финал 6-шы 5 4 0 1 19 9 2024 1/8 финал 11-ші 4 2 1 1 17 4 Барлығы 2 Титул 10/10 65 50 6 9 277 122

УЕФА Еуропа чемпионаты УЕФА футзалдан Еуропа чемпионатындағы көрсеткіштері Жыл Кезең Ойындар Жеңіс Тең Жеңіліс СГ ЖГ ГА 1996 Чемпион 4 3 1 0 13 7 +6 1999 Финалист 5 4 1 0 17 7 +10 2001 Чемпион 5 5 0 0 19 5 +14 2003 Төртінші орын 4 1 2 1 8 6 +2 2005 Чемпион 5 4 0 1 15 7 +8 2007 Чемпион 5 3 2 0 16 7 +9 2010 Чемпион 5 4 1 0 27 5 +22 2012 Чемпион 5 5 0 0 20 7 +13 2014 Үшінші орын 5 3 1 1 26 12 +14 2016 Чемпион 5 5 0 0 27 11 +16 2018 Финалист 5 2 2 1 13 12 +1 2022 Үшінші орын 6 4 1 1 26 8 +18 2026 Финал 5 5 0 0 22 5 +17 Барлығы 7 Титул 64 48 11 5 249 99 +150

Құрамы (2026) Команданың Еуро-2026 турниріне қатысқан құрамы

№ Поз. Ойыншы Жасы Матчтар Голдар Қақпашылар 1 Қақ Чеми 29 9 1 21 Қақ Дидак Плана 35 5 5 Қорғаушылар 3 Қор Рикардо Майор 25 8 3 4 Қор Адриан Ривера 24 9 5 6 Қор Антонио Перес 25 9 5 7 Қор Хосе Райя 28 6 3 13 Қор Мельядо 26 7 5 Шабуылшылар 2 Шаб Сесилио Моралес (K) 33 10 5 8 Шаб Адольфо 32 5 1 9 Шаб Пабло Рамирес 24 8 4 10 Шаб Марио Ривильес 36 10 2 11 Шаб Франсиско Кортес 30 7 1 14 Шаб Хесус Гордильо 24 8 2 20 Шаб Давид Новоа 23 5 1

Бас бапкер: Хесус Веласко

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша ұлттық футзал құрамалары Санат:Еуропа футзал құрамалары