Еңбекқорлық — тұлғаның еңбек үдерісіне оң көзқарасын, еңбекті сүюін, көп әрі табанды еңбек етуге ұмтылысын білдіретін мінез қасиеті.

Еңбекқорлықтың қарама-қарсы ұғымы — жалқаулық. Мағыналас сөздеріне ынталылық, ұқыптылық, ыждағаттылық, табандылық және талаптылық жатады.

Жалпы түсінік Жалпы түсінік бойынша еңбекқорлық — адамның өз уақытын, күш-қуатын және қабілетін қоғамдық игілікке бағытталған еңбекке жұмсауға дайын болуы. Еңбекқор адам өз ісін қызығушылықпен атқарып, ұзақ уақыт бойы нәтижелі жұмыс істей алады.

Еңбекқорлық жеке адамның табысқа жетуінің маңызды алғышарттарының бірі ретінде де, қоғамның әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін адамгершілік қасиет ретінде де қарастырылады. Жеке мүдде тұрғысынан ол жетістікке жетудің негізі болса, қоғамдық тұрғыдан әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі саналады.

Көптеген психологтардың пікірінше, еңбекқорлық адамның еңбек нәтижесінің маңызын түсінуімен және өз ісінің қоғамға пайда әкелетінін сезінуімен қалыптасады.

Қазақ мәдениетіндегі көрінісі Қазақ фольклорында еңбекқорлық қол, ас, қоңыр концептілері арқылы бейнеленеді: мысалы, «қолы ұзын», «қолы жүйрік» сияқты сөздер іскер адамды мадақтайды. Еңбек денсаулық пен бақыттың кілті деп саналады, «Емнің алды – еңбек» мақалы сияқты. Отбасы мен мектепте еңбек тәрбиесі арқылы қалыптасады.

Исламдағы түсінік

Исламда еңбекқорлық (арабша: ижтиһад, касб) — адамның адал еңбек етіп, өз қажетін өтеуге, отбасының нәпақасын табуға және қоғамға пайда келтіруге ұмтылуын білдіретін жоғары адамгершілік қасиеттердің бірі. Ислам ілімінде адал еңбек құлшылықтың бір түрі ретінде қарастырылады, егер ол Алланың разылығын көздеп, халал жолмен атқарылса.Құран 53:39

Құранда адамның жетістігі өз еңбегіне байланысты екені айтылған:

Сондай-ақ мұсылмандарды игі іс жасауға үндейтін аятта:

Ислам пайғамбары Мұхаммедтің (ﷺ) хадистерінде де еңбек ету мен адал кәсіп ерекше дәріптелген. Ол:

тағы бір хадисінде:

деп, өзгелерге қол жаймай, өз еңбегімен күн көрудің артықшылығын көрсеткен.

Исламда еңбекқорлықтың негізгі қағидалары: адал еңбек ету – табыстың халал жолмен табылуы; жалқаулықтан сақтану – жалқаулық құпталмайтын мінез ретінде қарастырылады; өз еңбегімен күн көру – мүмкіндігі бола тұра өзгелерге масыл болмау; істі сапалы орындау – әрбір істі жауапкершілікпен және ықыласпен атқару.

Ислам ғұламаларының пікірінше, еңбекқорлық адамның дүниелік игілігімен қатар рухани кемелденуіне де ықпал етеді. Сондықтан адал еңбек ету, кәсіппен айналысу және қоғам игілігіне қызмет ету мұсылманның ізгі амалдарының бірі саналады.

Христиандықтағы түсінігі Христиандық дүниетанымда еңбекқорлық негізгі ізгіліктердің бірі болып есептеледі. Ол жалқаулықтан арылып, Құдайдың даңқы мен адамдардың игілігі үшін адал еңбек етуге үндейді.

Христиандық ілім бойынша еңбекқорлық адамның өзін ғана емес, өзгелерді де қолдауға мүмкіндік береді. Сондықтан ол жанқиярлықтың және жақынға сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде бағаланады.

Психологияда Психолог Эрик Эриксонның психоәлеуметтік даму теориясында 6–12 жас аралығы еңбекқорлықтың қалыптасуындағы шешуші кезең ретінде сипатталады. Осы кезеңде ата-аналар мен педагогтердің дұрыс қолдауы нәтижесінде балада еңбекке жауапкершілікпен қарау, жаңа дағдыларды меңгеруге ұмтылу және өз қабілетіне сенімділік қалыптасады.

Еңбекқорлық пен еңбекқұмарлық Еңбекқорлық пен еңбекқұмарлық (трудоголизм) бірдей ұғым емес. Еңбекқор адам жұмысты тиімді ұйымдастырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады және еңбек пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Ал еңбекқұмар адам үшін жұмыстың көлемі оның тиімділігінен маңыздырақ болып, жұмыс өмірінің басты құндылығына айналуы мүмкін.

Дереккөздер

Санат:Ізгілік Санат:Этика түсінігі Санат:Еңбек этикасы