нобай|254x254 нүкте|Ирригатор Ирригатор () — ауыз қуысына арналған тіс шөгінділерін, тісаралық кеңістіктердегі тағам қалдықтарын кетіруге және су ағынының пульсациясы арқылы қызыл иекті уқалауға арналған тұрмыстық құрылғы.

Құрылғының құрылымы және түрлері Ирригаторлар негізінен келесі түрлерге бөлінеді: стационарлық — тұрақты орнатуды және жуынатын бөлменің жанында электр розеткасын қажет етеді; портативті — бір немесе бірнеше батареядан не аккумулятордан жұмыс істейтін, сапарларда қолдануға болатын және розетка жоқ жуынатын бөлмелерде ыңғайлы тасымалды ирригатор. Ирригаторларды бір-бірінен ажырататын басқа маңызды параметрлер — су ағынының қысымы, саптамалар саны, тағыда арнайы режимдер.

Зерттеулер Ауыз қуысына арналған алғашқы ирригатор 1962 жылы Форт Коллинс қаласынан шыққан тіс дәрігері мен инженер тарапынан әзірленді. Содан бері ирригаторларға қатысты 50-ден астам ғылыми зерттеу жүргізілді. Құрылғы тексеріліп, пародонтит пен гингивитті емдеуде, қант диабеті кезінде, тағыда ортодентиялық құрылғыларды, тіс сауыттарын және имплантаттарды өңдеуде тиімді екенін көрсетті.

Ауыз қуысына арналған ирригаторды қолданудың ең айқын әсері — қан кету мен гингивитті тиімді емдеу болып табылады. Зерттеулер ирригатордың қан кетуді азайтуда да, тіс қақтарын төмендетуде де тіс жібінен тиімдірек екенін көрсетті.

2008 жылғы жүйелі шолу ирригаторды тіс щёткасымен тазалауға қосымша қолдану тіс қақтарын азайту тұрғысынан артықшылық бермейтінін, алайда қызыл иектің денсаулығын жақсартуы мүмкін екенін көрсетеді.

Оңтүстік Калифорния университетінде жүргізілген зерттеу барысында минутына 1200 пульсация және орташа 490 кПа қысыммен пульсациялы су ағынымен үш секундтық өңдеу өңделген аймақтардағы биоқабықша қақтарының 99,9 %-ын жоятыны анықталды. Орташа және одан жоғары параметрлерді қолданғанда клиникалық тиімділігі дәлелденді.

Басқа қолданбалар Ирригаторды таңдай бадамша бездеріндегі тастарды (конкременттерді) кетіру үшін қолдануға болады. Стоматологияға қатысы жоқ қолдану түрлері де бар, мысалы зергерлік бұйымдарды тазалау.

Дереккөздер

Санат:Медициналық жабдық Санат:Ауыз қуысы гигиенасы Санат:Тіс тазалау