Қазақстан халық кеңесі — конституциялық мәртебесі бар Қазақстанның жоғары консультативтік органы.
2026 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған 126 адамнан тұратын консультативтік орган Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына келді.
Қазақстан халық кеңесіне 2026 жылы қабылданған конституцияда VI бөлім және арнайы конституциялық заң арналған.Жаңа Конституция жобасы: қоғамдық бақылау
Тарихы 2026 жылғы 20 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың соңғы V отырысында Қазақстанға қоғамның дамуына қатысты барлық мәселелер бойынша жалпыхалықтық диалог өткізу үшін жаңа ауқымды платформа қажеттігін айтты. Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайды өзінің тарихи миссиясын сәтті орындады деп бағалап, жаңа институт ретінде Қазақстан халық кеңесін құруды ұсынды.Қазақстанның Халық кеңесі құрылып, Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясы таратылады Реформаны 2026 жылғы конституциялық референдумда халық қолдап, 1 шілдеде жаңа конституция күшіне енді. 2 шілдеде Халық кеңесінің хатшылығы құрылып, 8 шілдеде оның басшысы тағайындалды.Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралыҚ.Б. Жайсанбаев туралы 22 қыркүйекте Халық кеңесінің құрамы бекітіліп, алғашқы сессиясы 23–24 қыркүйекке шақырылды.Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіту туралыҚазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы 23 қыркүйекте кеңестің алғашқы төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды.Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Құру тәртібі Қазақстан халық кеңесі құрамына 126 адам кіреді: оның 42-сі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан және 42-сі аймақтық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден болады.Қазақстан Халық Кеңесі туралы 18 жасқа толған Қазақстан азаматы Халық кеңесінің мүшесі бола алады.
Қазақстан халық кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, олардың өкілеттік мерзімі 4 жылды құрайды және өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады. Халық кеңесінің құрамы туралы ұсыныстарды Кеңес Хатшылығы қалыптастырып, Кеңес құрамын бекіту үшін Президентке жібереді.
Атқаратын қызметі Қазақстан халық кеңесі: мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді; Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін, басқа да маңызды гуманитарлық форумдарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді; Қазақстан Халық Кеңесінің функцияларын іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтық қоғам институттары арасындағы жалпыұлттық диалогты қамтамасыз ету үшін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады.
Құрылымы Қазақстан халық кеңесінің жоғары басшылық органы — сессия, сессиялар аралығындағы кезеңде Халық кеңесіне басшылықты төралқа жасайды. Сессия кемінде жылына бір рет шақырылады. Халық кеңесінің бірінші сессиясын Президент, кезекті сессияларын Кеңес төрағасы шақырады.
Басшылығы Халық кеңесінің төрағасын кеңес мүшелері 4 жылға сайлайды, кандидатурасын Президент немесе кеңес мүшелерінің үштен бірі ұсынады. Төрағаның кеңес мүшесі болуы шарт емес және бір адам екі реттен артық Кеңес төрағасы бола алмайды. Кеңес мүшелері төрағаны көпшілік дауыспен қызметінен босата алады.
Кеңес төрағасының 3 орынбасары болады: Президент тағайындайтын орынбасары бір мезгілде Кеңес хатшылығын басқарады, ал төрағаның өзі кеңес мүшелері арасынан екі орынбасарын ротациялық негізде тағайындайды.
+ Төрағалар тізімі №Суреті Аты-жөні Өкілеттігі Орынбасарлары Президенті Басы Аяғы Ұзақтығы 1 110px (1962 туған) 23 қыркүйек2026 Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Тұрақты комитеттері Халық кеңесі тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар, жұмыс топтарын, өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға құқылы.
Халық кеңесінің 3 тұрақты комитеті бар:Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитеті төрағасы: Марат Әзілханов Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті төрағасы: Вера Ким Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитеті төрағасы: Табиғат Зейнұлқабден
Хатшылығы Халық кеңесінің қызметін оның Хатшылығы қамтамасыз етеді, оны бір мезгілде кеңес төрағасының орынбасары болатын Хатшылықтың басшысы басқарады. Басшыны кеңес мүшесі емес адамдар арасынан Президент 4 жылға тағайындайды. Ол Халық кеңесінің жаңа төрағасы сайланғанға дейін төраға міндетін уақытша атқарады.
Кеңес Хатшылығы 2026 жылғы 2 шілдеде Президент жарлығымен құрылды. Оған 2026 жылдан бастап Қанатбек Жайсанбаев басшылық етеді.
Хатшылық құрылымы (2026) Басшылық (хатшылық басшысы мен оның орынбасарлары) Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Мәслихаттармен және қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл бөлімі Ақпараттық-талдау бөлімі Әкімшілік бөлім
Мүшелері
Сессиялары Реті Өткен күні Өткен орны Қабылданған шешім I сессия 23–24 қыркүйек 2026 Астана қаласы Халық кеңесінің төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Президент жақын арада мәслихат сайлауы өтетінін жариялады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесі бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
Ақпарат құралдары Халық кеңесі — 2026 жылғы 28 қыркүйекте жарық көрген республикалық қоғамдық-саяси газет.Елімізде «Халық Кеңесі» қоғамдық-саяси газеті қайта жарық көре бастадыДастан Кенжалиннің Facebook парақшасындағы жазбасы Газет пен «halyq-kenesi.kz» ақпарат агенттігі Қазақстан халық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат таратады. Басылымның иесі: Бауыржан Қарағызұлы («Bastau Media» ЖШС).«ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ» ГАЗЕТІ ТУРАЛЫЕркеш Бейсеннің Facebook парақшасындағы жазбасы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекеттік құрылымдары * Санат:Қазақстан президенті жанындағы кеңесші органдар