Жаңажер () — Қырғызстанның Шу облысы, Соқылық ауданындағы ауыл. Жаңажер ауыл аймағының әкімшілік орталығы. Халқы — 6190 (2023).

Орналасуы Жаңажер ауылы ел астанасы Бішкектен 36 км арақашықтықта орналасқан. Ауыл Қазақстан шекарасына жақын орналасқан. Жаңажер аулынына ең жақын Қазақстан елінің елді мекені — Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Бетқайнар ауылы болып табылады.

Тарихы Жаңажер 1932 жылы егіндік шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығына ыңғайлы жаңа жер табылғаннан кейін сол жерге осы Жаңажер ауылынын құрған. Сол кезден бастап Жаңажер ірі шаруа қожалығына айналды. Ауылда мамандырылған кеңшарлар қант қызылшасы, бидай, мал азығының дақылдарын өсірумен айналысты. Аз уақыт ішінде Жаңажер Соқылық ауданындағы экономикалық тұрғыдан маңызды елді мекен болып танылды.

Халқы Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитетінің бағалау мәліметтері бойынша, 2023 жылдың басында ауыл халқының саны 6190 адамды құрады. Жыл 2009 2014 2015 2020 2021 2023 Халық саны 5979 5381 5501 6048 6128 6190

Дереккөздер

Санат:Соқылық ауданы елді мекендері